№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ажал аузындағы ән

Ажал аузындағы ән


Әртүрлі аспаптарда ойнауды бала кезінен меңгеріп алған жас әскер қатарына алынып, онда да от-жалынға оранған Ауған даласына түскенінде ән дегеннің тек бейбіт күннің  әләулайы ғана емес,тыңдағанда төбе-құйқаңды шымырлатар жүрек әуені,  жаралы кеудең сыздағанда дәруің, қатал күнде щайратыңа қайрат қосар қаруың  екеніне  өз басынан шынайы өткізіп,анық көз жеткізген.
Солдаттық өмірді аңсамайтын азамат бар ма? Сымдай тартылып, сан сынақтан сүрінбей өтуге ұмтылған жас ұлан алғашында   Өзбекстанның Термез қаласында №44077 әскери бөлімінде  жауынгерлікдайындықтан өтті. Жаяу  әскерлер құрамында жеңілдеу саналатын БТР техникасын меңгеруге маманданды. Бір жарым шақырым ғана  жерде жатқан Ауған  шекарасы аржағында өлім мен өмір  айқасқанжұмбақ та, беймәлім  қайнаған  соғыс даласының ортасына түсуден де қаймықпас дайындықта іштей ширығып жүрген  бұлар ақыры 1986 жылдың басында Ауғанстанға  жол  тартты. Паншердің «Руха» деген жеріне орналасты.
Өнер құдіреті өліммен де бетпе-бет келе алады екен. Кейде соғыс саябыр тартқан тұста бұл қашанда жанынан табылатын серігі-төретамдық Төрежанмен игілікті біріске талаптанғаны бар. Жаңғақ ағашын жонып  шанағы мен бетін оқ-дәрі   жәшігіненжасап, оған ішек тағып, әжептеуір үн шығаратын домбыра жасап шығарғаны бар. Өлім ажалы себелеп тұрса да қанаты қырқылмас өнер құдіреті деген осы екен.
Адам арманын үкілеп,алға жете­лейтін аңсарлы үміті  үзілмейді. Ол үзілген күні өмір де жоқ.
Сәл саябыр тартқан кезеңде  қазақ  жігіті, қазақ  жігіті  болғандажаңа­қорғанның  Өзгентінен  барғанӘбдрашитты алқа қотан қоршалап отыра қалар қаруластарының жана­рында жарқылдаған оттан, жылжып аққан   тұнық жастан  бұл соны ұғар еді. Жарық дүниенің   қызығынешкім де қимайды екен.
Қалықтап еркінұшпай жатып, қанаты отқа күйген сол құсалы кеу­делерге мұның қоңырлата салған әні    ерекше күш-құдірет құятынына  өзі де талай-талай куә болған еді. Бұл  жерде әнші болу міндет емес, әділетсіздік атаулыға сай-сүйегі сырқырап жүрген әркім өзіне тек сүйеніш, қапалы көңіліне қуат табар еді. Әбдрашит ән құдіретінің  осындай қуатын майдан даласында жүріп мойындады.
Соғыс сенімен санаспайды.  Ал  өздері  қан  кешкен майдан  даласы  шартына келсек ізгілік атаулыдан жұрдай еді. Соның ішінде жаңа   қасыңда жүрген жолдасыңнан айырылып қалудың азабын қаншама рет бастан өткерлі десеңші.
Бірде тапсырма бойынша дұшпанды бақылауға шыққан үшеудің алдында келе жатқан Борис Азаров деген жап-жас орыс жігіті оққа ұшты. Өзі жаңадан келген, тәжірибесіз еді. Барлауда бұқпантайлап аса сақ қимылдамасаң өзің мұртттай ұшуың мүмкін.
Күнәсіз дәуренді кілт үзген бұл қиянаттың иесі кім, көздегені не,оны бұларға ешкім айтқан емес және бұлар да ешкімге тіс жармауы тиіс.Тіпті ата-анасына да.
Қанқұйлы  Паншер операциясынан соң  шабуыл орнына жедел жеткізілген бұларға қаз-қатар жер жастанған мәйіттердіжинап  келіп  қонғантікұшақтарға  орналастыру  тапсырылды.Жоғары командованиенің шенділері, генералдар  осы  күні  бір рота дерлік солдат бір түнде шейіт болған аумаққа ұшып келген екен.
Бұлар  Паншер операциясы ішінде болған жоқ, бірақ оның қанды іздерін көзімен көріп, құрбандықтарын өз қолдарымен құндақтап, қаз-қатар тікұшақтарға тиеп үлгере алмай  жатты.Сананы сансыратқан сұмдық тақсырет туралы жауынгерлер  жақ ашып тіл қатыспаса да іштей бордай езіліпбір-біріне тек көзбен көңіл айтысып еді.
84 жылдың мамыр айында  міндет­тіліктері  біткенбұлардың қатары  жыл соңында ғана елге қайтуға мұрсат алыпты.
Сырбойылық жігіттерден  бірге әскери борышын атқарған азаматтар әліге дейін бір-бірімен араласып,бас қосып тұрады екен. Осындай бас­қосуларда барлығы қолқалап Әбдра­шитке әлі де ән айтқызатыны бар.
Елген келген соң бірер жыл шаруа­шылықта жұмыс атқарған Әбдрашит Абшенов Қызылорда музыкалық учили­щесіне оқуға түседі. Оны тоқсаныншы жылы бітіріп шығып Ақсуат ауылындағы №245 Ақсуат орталау мектебіне музыка пәні мұғалімі болып орналасады. Қазірде ол осы білім ордасында еңбек  етіп келе жатқанына ширек  ғасыр. Отбасында жары Дәмеш Сейілова, ол да мұғалім. Екеуі сегіз ұл-қыз тәрбиелеп келеді.
– Әнді сүйген жүректің  пернесін тербеген өз туындыларыңыз бар ма?-деп сауал тастадық замандасымызға.
– Бар. Оның ең алғашқысы Бақытбек Смағұловтың сөзіне жазылған  «Ауған жауынгерлері» туралы әнім, – деді ол.
Автор өзі орындаған осы әнді тыңдай отырып, Қазақ әндерінің Алтын қорына жазылып қалуға тиіс тағы бір құнды мұрага көз жеткізіп жан-дүниемізбен елжірей  отырып тыңдағанымызды жа­сыра алмаймыз.
 
Ол  ән төмендегіше өріледі;
Өлім  – өмірайқасып  Ауғанстан,
Білмедік  кімдердос, кімдер  дұшпан.
Қашуға  да  мұрша  жоқ баскөтертпей,
Шаңқылдаған ажал оқ зулап ұшқан.
Бұл оқиға  болғанед  Паншерде
Жолыққанбыз  сұрқияқанішерге
Өмірдің бір алапат  кезеңдері
Қалдырган – ды біздерді  зарлы  шерге
Аттандырып  Ауғанғабалаларды,
Зарын  тартыпауылда  ана  қалды
Аяқ  орнын  балдаққа   алмастырып,
Ал  аяғы  ауғанда  қала  барды.
Теңер болсам өзім жер қорғап алам
Үміт артты несіне онда маған
Батыр болып оққа кеуде тоспасамда,
Оқ астында еңбектеп жорғалағам.
Заманным бейбітшілік басқа орнасын,
Барлық ел бір-бірімен  қас болмасын.
Әкелмейік енді біз өзімізбен,
Денемізде ауғанның осколкасын.
Бейбітшілік заманым өрлесінші,
Бейбіт күнді сұм соғыс бөлмесінші.
Өтеп келген қан кешіп жігіттердің,
Кейінгі ұрпақ көргенін көрмесінші!
                                    
Баян Үсейінова
07 мамыр 2020 ж. 645 0