№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әділ қазы – ар таразы

Әділ қазы – ар таразы


Осыдан бір ай бұрын қаладағы Әбділла Тәжібаев атындағы әмбебап кітіпханада  облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлының демеушілігімен жарық көрген «Адырбек» кітабының тұсаукесері  өтетін болып, соған ақынның жары Шәрипа апамыз бен оның бауыры, осы кітапты құрастыруға көп тер төккен Әбибулла Шер және осы жолдардың авторы қонақ ретінде шақырылдық. Аудан әкімі арнайы көлік бөліп, басымыз бөлінбей, бірге жолға шығатын болдық. Үлкен трассаға жетпей бірнәрсе терезе тұсынан тықыр етіп, тас жанап өткендей болды ма,  не жағдай екенін білмекке жерге түсіп қараған шопырымыз ешнәрсе байқамағанын айтты. Жолай өзара әңгіме дүкен тиегі ағытылды. Әлденуақытта көліктің алдында отырған Әбекең «таңертең қалтама салып шыққан телефонымды таппай отырмын. Не де болса жоғалттым»  деді сеніммен. Шопыр бала оған өзінің телефонын ұсынып, «звондап көрсеңізші»деп кеңес берді. Ағамыз әйтеуір өзінің нөмірін жатқа біледі екен, тере бастады. Бір-екі звоноктан соң телефонын біреу көтерді. Мән-жайды білсек, былай екен.  Жаңақорғанның орталық көшесіне кіріп келе жатқан көліктегі кісі жолдың шетінде қарайып жатқан затты сонадайдан байқайды да, өтіп кетсе де кері бұрылып, жерге түсіп, әлгі затты тексеріп қарайды. Шыны беті жарқырап жатқан кәдімгі смартфон телефон екен. Алып келе жатқан беті осы. «Енді мен сенімен қалай кездесем? Қиын болмаса, айналайын, қолыңдағыны аудан әкімшілігіндегі күзетші балдарға беріп кете ғой, – деп өтініш айтқан аға телефонының хабары шыққанға қуанып қалды. Бір кезде есіне түсірді, машинаға отырып, алдымен Шәрипа апаныкіне соқпай ма, сол кезде қолындағы телефонды көліктің төбесіне қойып кетіп, өзі үйге кіріп апасын ертіп шығып, машинаға жайғасқан да жүре берген. Телефон сол бойда көліктің төбесінде қалып, жолай маған тоқтаған кезінде де ешбіріміздің көзімізге түспеген. Аман-есен біраз жер шарлап, кенттің шетіне іліге сырғып түсіп кеткен боп тұр ғой. Бағанағы тас дегеніміз осы зат екен. Бірақ қалай сынбаған, бүлінбеген? Кедейдің өз малы өзіне қайырлы, телефонынан айрылып, қолы қырқылғандай болған сапарласымыздың көңілі орнына түскендей. Содан жаңағы қайырымды азаматқа қайта телефон шалды. Әрине, өзінің телефонына.

– «Әй, балам, өзің қай жақтыкі боласың?
– Аққұмнан
– Не елсің? (оның не керегі бар екенін)
– Алтыймын.
– Ал енді екеуміз қашан кездесе аламыз?
– Телефоныңызды тастап кетемін ғой.
– Тастауын тастайсың ғой. Мен саған рахмет айтуым керек қой. Өзіңде Каспи голдың бар ма?
– Жоқ, менде ондай жоқ.
– Үйіңде бір адамда бар ма?
– Жоқ.
– Енді не істедім, - деп тығырыққа тірелді ағамыз.
– Аға, ешнәрсеңіздің де керегі жоқ. Алла разылығы үшін бәрі. Бір жанның қажетін өтеп, қуанта алсам маған да қайыры бар шығар. Қапа болмаңыз, - деді әлгі жігіт.  Әй, азамат екен. Бұл өмірде адал адамдар бар ғой деп біз де қуанып қалдық.
Бұл оқиға ұмытылып та болмады, жұмыстағы Мақпал қызымыз телефонын жоғалтып келді. «Мөлдір» дүкеніне барып келген, дәу де болса сол жерге қалдырған. Зырылдап барып келді, жоқ. Телефонына хабарлама жазып, жалынып-жалбарынып әлек. Кешке қарай бір таксист телефонын әкеп берді. Дүкенде тауып алған. Әйелі Мақпалды таниды екен, қоймаған соң келіпті. Өзі ашулы, берген бес мыңын азсынып тұр. Лаж жоқ, сұрағанын беріп, затын қайтарып алды. Өзгерген қоғам ба, адам ба? Өзіңіз сараптап көріңіз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
08 сәуір 2021 ж. 514 0