№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Үлкендерше ойланып, балаларша сөйлеген...

Үлкендерше ойланып, балаларша сөйлеген...

Алты жасар Адырбек ақынның байқаусызда тоқал тамның терезесін шағып алғанда анасына айтқаны:
Жақсы ғой біздің анамыз,
Айтқан тілін аламыз.
Байқамай үйдің әйнегін,
Сындырып алды балаңыз.
Балаңызға ұрыспаңыз.
Міне, болар бала басынан дегендей, ол шығармашылыққа келудің бастапқы баспалдағын осылай байқатқан екен. Өмірге өлеңмен келген ақын өлең оқып тұрып өмірден өтті. Мұндай сирек кездесетін оқиғаға таңданып та қалдық. Балалар әдебиетінің классигі бекер болмағаны да осыдан белгілі.
Бүгін М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үлкендерше ойланып, балаларша сөйлеген...» атты керемет кеш өтті. Оның негізгі нышаны – "Адырбек" атты кітаптың жарыққа шығуы. Шараға Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Жанкелді Ысқақ және ақынның ағайын-туысы мен зиялы қауым өкілдері келді.
Кезінде ақын Мұзафар Әлімбаевтың: «Балалар әдебиетінің антологиясын құрыстырып, оны Абайдан Адырбекке дейін қамту керек» дегені де, Қадыр Мырза Әлінің: "Мен қазақ поэзиясына қанша қалам тартсам да, Адырбектей балалар әдебиетіне бата алмадым" дегені де дәріптеу емес, даралау еді. Осы тұрғыда Жаңақорған ауданының басшысы Руслан Рүстемұлы:
– «Ақынның хаты өлмейді» деген рас, біз әлі де терең ашылмаған Адырбектану ілімінің тағы бір баспалдағына шықтық. Зейнолла Шүкіров, Айжарық Сәдібекұлы, Әскербек Рахымбекұлы секілді саңлақтарымыз ауылда жүріп, элитасы мол Алматының, Нұр-Сұлтанның қарымды қаламгерлерін шығармашылық шыңымен мойындатуы біз үшін мақтаныш, ұрпақ үшін үлкен белес. Бұл топтан Адырбек Сопбековтей да мерейі үстем ақынды аршып алсақ, оның рухани бай әлемі әлі мың жылға азық. Бүгін ақынын ардақтаудың, қаламын құрметтеудің ерекше сәті туды, руханият пен рух тірілді. Ал, «Адырбек» кітабының жарыққа шығуына азаматтық танытып атсалысқан Жанкелді Ойшыұлына ризашылығымды білдіріп, аудан халқы атынан иығына шапан жапқанды жөн көремін, – деді.
Мұнан соң Абибулла Шер, Жанкелді Ысқақ, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысы филиалының басшысы Қаршыға Есімсейітова, ел ағасы Зейнабдин Шермағамбетов, жары Шарипа естеліктерімен бөлісті. Ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды. Соңынан жаңа туындының тұсауы кесілді.


Қаныбек АБДУОВ
15 қаңтар 2021 ж. 1 237 0