№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШОПЫР КӨЗІН ҚЫСТЫ...

ШОПЫР КӨЗІН ҚЫСТЫ...

Тілеу Тотаев ағамыздың Түгіскен кеңшарында партком хатшысы болып жүрген кезі болса керек-ті.


  Кеңшар директоры Т.Нысанбаев Тілекеңнің астына «Газ-51» су тасушы автокөлігін қызметтік көлік ретінде береді. Күріш орағы басталған кез. Аудан орталығында бес күндіктің қорытындысы бойынша, апта сайын аудандық партия комитетінің бюросы өтіп отырады. Бюро отырысы таңғы алтыда басталады. Осы бюроға бару үшін кеңшар директоры, партком хатшысы, ауылдық кеңес төрағасы түңгі екі-үштерде Жаңақорғанға аттанады. Осындай бір ауданға шығар алдында кеңшар кассирі Аманкелді Абдуллаев ауыл активін үйіне қонаққа шақырады. Ауыл басшыларының бірі ретінде Тілекең төрге шығады. Одан қалмай оның автокөлік жүргізушісі де төрге озады. Тілектер жалғасып, басшылар мен жүргізуші балада стакан соғыстыруын қоймайды. Мұны байқаған хатшы: «Қарағым байқап іш, жол жүреміз!», – дейді. Сонда шопыр бала: «Тілеке мен саспаймын, сіз саспаңыз», деп стакандағы сұйықты өңешіне жүгіртіп жіберіпті. Қонақтан шыққан Тілекең Жаңақорғанға бет алады. Ол кезде асфальт жоқ, май топырақтан жол шұқырлары көрінбейді. Масаң шопыр бала көлігін айдап, газды баса түседі. Көлік доңғалағы шұқырға түскенде Тілекең маңдайын терезе жақтауына бірнеше рет ұрып алады. Бала байқасай дегенде, шопыр көзін қысатын көрінеді. Сөйтіп мандайы ісіп кетіпті. Таңертең бюроға келген жігіттер Тілекеңе: «Шекеңізге не болды?», – деп сұраса: «Шопыр көзін қысты, мен артымды қыстым», – деп жауап қатыпты.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
08 қараша 2018 ж. 1 267 0