Әдеп – тәртіпке медет
«Nur Otan» партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның даму жолына арналған бес институционалдық реформасы бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап беретін дамыған үздік отыз мемлекет қатарына қосылу талабын алға қойды.
Осы бағытта мемлекеттік қызмет саласында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсаты белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың, жемқорлық жағдайының алдын алудың, оған қарсы тосқауыл тетігін табудың басты бағдары болды.
Демек, талап бар, бағдар бар. Ал, қоғамда мемлекеттік қызметкер халық қызметшісі болуға тиісті.
Жалпы, Әдеп кодексін Ұлы Абай айтқан «Әдептілік ар-ұят –адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі» деген түйінсөзге балар едім.
Ел бар жерде есер де болады, енжарлық та кездеседі. Бірақ мемлекеттік қызметкер қай мәселенің де алдын алу арқылы оны орынды шешуге жол таба білуі керек.
Бізге қызметтік лауазымда жетіспей жататыны – өз қарамағымыздағы мемлекеттік қызметкерді әлі де дұрыс тәрбиелей алмай жүрміз. Қателіктен кемшілік орын алады, кемшіліктен заң бұзушылыққа жол беріледі. Міне, осы жағдай кемшін тұсымызды көрсетіп тұр.
Жалпы, мемлекеттік қызмет саласында ең маңызды мәселе персоналдың өз міндетіне жетік, білімді, әрі білікті болуы деп есептеймін.
Сараптау нәтижесінің қорытындыларын алып қарайтын болсақ, қазіргі таңда көптеген кемшілік негізінен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормалары, Бюджет, Еңбек, Жер кодекстерінің және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заң талаптарының сақталмауы екендігін әлеуметтік желіде болсын, басқа да ақпарат құралдарында айтылып жүргенін барлығымыз да білеміз.
Мұның басым бөлігінде мемлекеттік қызметкерлердің заңдарға енгізілген өзгерістермен жіті таныспауынан, немқұрайлы қарауынан, тіпті білімі мен біліктілігінің жетпеуінен кемшіліктер орын алып жатқанын көріп жүрміз.
Өкініштісі сол, заң тұрмақ жеке бастың жауапкершілігіне де мән бермей, еңбек тәртібін елемей, этика нормаларына енжарлық басым сипатқа ие болып барады. Бұған бір ғана мысал. Қазір пандемияға қатысты қатаң талап бар. Карантин талаптарына сәйкес маскалы режимді қалыптастыруды жалпы халыққа түсіндіре алмай жүрген уақытта, біздің кейбір басшылық орган өкілдері аталған талаптарды сақтамай, қоғамның теріс көзқарасын тудырып отыр. Міне, осындай олқылық көптің ой-санасының кері кетуіне себеп болады.
Демек, осы бағыттарға байланысты жұмыс жүргізудің тәртібін күшейту қажеттігі туындап тұр. Ол үшін біріншіден, біліктілікті арттыру, екіншіден, жеке жауапкершілікті сезіндіру, үшіншіден, мемлекеттік қызмет сапасына ыждаһаттылықты арттыруымыз қажет.
Бүгінгі таңда Әдеп кодексінің талаптарын жете меңгеру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерге түрлі форматтағы құқықтық оқулар өткізу жұмысы басталып та кетті. Мұның тиімділігі сол, әрбір қызметкердің ұстанымын негіздеп, біліктілікті барынша бағалау басты өлшемге айналды. Әрине, аудан көлемінде ауқымды жұмыс жетерлік. Соның бір айғағы – аудан әкімдігінің веб-сайтында (Zhanakorgan. Gov. kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімі тұрақты түрде жұмыс істейді және «facebook» әлеуметтік желісінде аудан әкімдігінің арнайы парақшасында баршаға қолжетімді ақпараттар ұсынылып келеді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы жергілікті мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары үшін жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінде арнайы тақырыптармен ақпараттандыру ұйымдастырылған. «Антикор Life» жобасы бойынша әлеуметтік желіде мекеме басшыларымен сұхбат жасалып келеді. Сонымен қатар ашықтық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында сенім телефондары, жеке қабылдау кестелері тоқсан сайын тұрақты жарияланып тұрады.
Барлық жергілікті атқарушы органда сенім телефоны жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымын қабылдайтын пошта жәшіктері орналастырылған. Тұрғындардың талабын тыңдауға жеке қабылдау тұрақты ұйымдастырылады. Бұл бағытта аудан әкімі әрбір сәрсенбі сайын аудан әкімдігінде, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында айына бір рет қоғамдық қабылдау өткізеді. Жалпы, қорыта айтқанда, тиісті талап деңгейінде жауапкершілікке жіті қарау біздің басты міндетіміз екенін әрбір қызметкер сезінуі керек.
Адам туралы антропологиялық ғылым бар. Соның зерттеуі бойынша адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Әлеуметтік және интеллектуалдық дамуы, психологиялық қатпары, рухани мәдениетінің әртүрлі деңгейі сияқты ерекшелігіне сәйкес біз кісілік субъектісі саналамыз. Демек, көпке үлгі болуға лайықты тұлға ретінде танылуға тиістіміз. Ал, өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: «Әй, мынау кісіліктен жұрдай екен» деп баға беретіні белгілі. Менің түйін сөзім – осындай олқы баға мемлекеттік қызметкерлерге берілмесе деп тілеймін.
Бақтияр АХМЕТОВ,
Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл