№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЕЛ АБЫРОЙЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ АДАЛДЫҒЫНДА

ЕЛ АБЫРОЙЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ АДАЛДЫҒЫНДА

Кез келген қоғам Мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғаммен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Мемлекеттік қызмет елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің саясатын, басқару билігінің, Президенттің саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билікті байланыстырушы. Яғни, мемлекеттің бет-бейнесі. Бүгінде Президент мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті жаңғырту жүйесіндегі реформалар да мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Демек халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік – тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен. Сон­дықтан, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге кәсібиліктен бөлек, әдептілік қосы­лып, тұтас имиджін қалыптастыруда. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің арасында жағымды моральдық-психологиялық ахуал­ды қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің рөлі зор. Тұтастай алғанда, Әдеп жөніндегі уәкіл функциясын атқаратын қыз­метші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын-алу бағытында жұмыстар жүргізеді. Өз кезегінде бізде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында Жаңақорған ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Салыбековпен тілдестік.
– Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының 12-қадамын жүзеге асырудағы мем­лекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қыз­­мет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақс­­тан Республикасының мемлекеттік қыз­­метшілерінің әдеп кодексін бұзу­шылық­тарының алдын алу, сондай-ақ өзде­рінің функцияларының шеңберінде мем­лекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру бағытында жемісті жұмыс атқарудамыз.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Прези­дентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жар­лығымен қабылданған. Бұл Кодексте мем­лекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдын­дағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген, – деді Адай Елеусізұлы.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл аудан бойынша жергілікті атқарушы орган­дардың штат саны – 224 бірлікті құрайтынын жеткізді. Оның ішінде аудан әкімі аппа­ратында – 22, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында – 124, аудандық дербес бөлімдерде – 78 екен. Жалпы бүгінгі күнге ау­дан бойынша 220 мемлекеттік қызметші нақ­ты жұмыс істеуде. Ал бос орындар саны – 4.
Тілдесу барысында Адай Салыбеков облыс әкімі аппаратымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақ­сатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыз­метшілерінің әдеп кодексінің негізінде жасалған алдын ала ескертумен мемлекеттік қызметкерлерді тоқсан сайын дербес қол қою арқылы таныстырып отырғанын жеткізді. Оған қоса, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында аудан әкімдігінің zhanakorgan.gov.kz интернет ресурсының «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» орналастырылды және «Құқық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл» атты бөлімше беттері ашылып, жұмыс істелуде.
– Әдеп жөніндегі уәкілдің атқа­рылатын іс-шаралар жоспарына сәй­кес, өткен жылы Әдеп кодексін сақтау бойынша аудан әкімі аппаратының қызметкерлері ара­сында дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Сондай-ақ, ауылдық округ қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізіліп, жеке қабылдаулар ұйым­дастырылды. Оған қоса, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында жеке қабылдау өткізіліп, қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет атқара жүріп қосымша ақы төленетін қызметтермен айналысу, ішкі конкурстарға қатысу талаптары, әлеуметтік желілерді пайдалану, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдептілік талаптары т.б. мәселелер бойынша өтініштер беріліп, берілген өтініштерге тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – дейді аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Елеусізұлы.
Айрықша атап өтерлігі, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізсіз сынға ұшырамауы тиіс екендігі жайлы Әдеп Кодексінде аталған. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін күтіп ұстауға, оларды қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеу, оның ішінде қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау қажеттілігі жөнінде тұрақты түрде ескертіліп тұрады екен. Мәселен, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің 29 мәрте жол ережесін бұзғандығы үшін салынған айыппұлдарын төлемегендігі жөніндегі мәліметтер мекемелерде қаралып, Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан тиісті тапсырмалар беріліпті. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді ішу не қоғамдық орындарда масаң күйінде тіркелген мемлекеттік қызметшілер мәселесі де арнайы қаралып, тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.
Сөз соңында Адай Салыбеков аудандағы мемлекеттік мекемелерде артық жұмыс істеу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Яғни, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнында болу фактілеріне сәйкес рейдтер ұйымдастырылып, кент және ауылдық округ әкімдері мен бөлімдер басшыларына жұмыс уақытын, еңбек тәртібін қатаң сақтау қажеттілігі ескертілген. Сонымен қатар, жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесін іске қосуды, мүдделер қақтығысы фактілерін болдырмау, алдын алу бағытында да нақты шаралар қабылдау ұсынылыпты.
Қорыта айтқанда, жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыруынан бастау алады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметші өз жұмысын адал және лайықты орындап, ел алдындағы азаматтық борышы мен халық сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтағаны абзал.

Әбдісамат ӘБДІШ.

22 маусым 2019 ж. 955 0