№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МҮДДЕ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МҮДДЕ


Ресми деректерге сүйенсек, 2017 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте 131-ші орынға жайғасқан. Бұл 2016 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда сәл төмендегені. Яғни, 2014-2016 жылы 123-ші орыннан көрінген едік. Демек, елде жүргізіліп жатқан жемқорлықпен күрес саясатының жүйелілігін осыдан көруге болады. Оның үстіне, Мемлекет басшысы Жолдауларында өзекті мәселе ретінде сыбайластықты алға тартып, тиісті міндеттемелерді жүктеп келеді.
Ұлт көшбасшысы үшінші Жаңғыруға бастаған Жолдауда жемқорлықтың алдын алудағы жоспарлы межені айқындап берді. Ал, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сол бағдардың тиімділігін түсіндірді. Нақтысын айтқанда, жемқорлықты жою, болдырмауға бағытталған күрес жалғаса береді.
Бүгінде жемқорлықты азайтуға бағытталған қолданыстағы 59 заң мен қылмыстың алдын алудағы негізгі шаралардың тиімділігі нәтижемен көрінуде. Мәселен, 2016 жылдың қорытындысымен сыбайластықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында байқалған. Ал, былтыр Сыр өңірі осы қатардан көрінді. Осы ретте, аудандағы ахуалды шолып өтсек. 2016 жылы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылып, іске кірісті. Жемқорлықты алдын алуда былтыр комиссия жүйелі жұмыс жасағанын төмендегі жұмыстардан аңғаруға болады.
Жалпы, 2017 жылы комиссияның 4 отырысы өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары жүйелі жүзеге асырылған. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында Әдеп кодексінің талаптарын жете меңгеру үшін оларға түрлі форматтағы құқықтық оқулар өткізіліпті. Мәселен, мемлекеттік орган болып табылатын мекеме қызметкерлеріне 400-ден астам құқықтық оқыту ұйымдастырылған. Мұны әлі де жандандыра түсу керек. Өйткені, аймақ бойынша Әдеп кодексі негізінде түскен шағымдар көбейген. Мұны былтыр жыл соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баяндамасында нақтылаған еді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы, аудандық прокуратурасы да бұл дертке қарсы алдын алу бойынша «Жемқорлыққа жол жоқ» сынды акция аясында кездесулер ұйымдастырған. Аудан әкімінің өкімімен мобильді топ құрылып, елді мекендер мен еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілген.
Жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 2016 жылы 5 тұлғаға қатысты іс қозғалса, былтыр аудан бойынша 3 қылмыстық іс қозғалып екі лауазымды тұлға кінәлі деп танылған. Бірі мемлекеттік қызметкер болса, екіншісі құқық қорғау саласының қызметкері. Полиция қызметкеріне аудандық соттың үкімімен 1200000 теңге айыппұл салынса, Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Әрі, оның меншігіндегі мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде 1 000 000 теңге айыппұл салынды.
Енді, жемқорлықты қалай алдын алуға болады? Соған аз-кем тоқталайық. Ол үшін әлемдік тәжірибеге сүйенеміз. Көп мемлекеттер Сингапур мен шведтік тәжірибені қолдайды. Оның негізгі себебі, ол елдерде технологияның қолжетімділігі көп. Яғни, олар цифрлы жүйенің тетігін түсініп, сол арқылы қатынас орнатқан. Міне, Президенттің Жолдауындағы: «Мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады» дегені осыған саяды. Сондықтан, Елбасы міндеттеген нақты межені еңсерсек дамыған отыздыққа бір табан жақындай түсер едік. Түйіндей айтқанда, құзырлы орындар ғана емес, сыбйлас жемқорлықпен күрес бәрімізге ортақ мүдде.
05 маусым 2018 ж. 905 0