№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАҒЫЗ МАМАННЫҢ БӘСІ БИІК

НАҒЫЗ МАМАННЫҢ БӘСІ БИІК


Кәсіби мемлекеттік аппарат құру Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасында көрсетілген басым бағыттарының бірі. Яғни, құнды құжаттағы алғашқы 15 қадамның әрқайсысы мемлекеттік қызмет саласының сапасын арттыруға негізделген. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің біліктігін анықтап, білім деңгейін саралау да заман талабы. Себебі, өркениеттің көшінде бәсекеге қабілетті болу үшін білікті кадрлардың болуы заңды.
Демек, нақты меже айқындалды енді тек сапаға жұмыс жасау керек. Осы мақсатта ауданда қандай жұмыстар атқарылуда екенін білу үшін аудан әкімі аппаратының персенолды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Марат Абсадқыовқа жолықтық.
– Ұлт жоспары – қоғам мен мемлекетті қайта жаңғыртуға бағытталған, одан әрі дамуға бастайтын құжат. «100 нақты қадамның» қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған. Басты назар – кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталғанын ерекше айта кету керек. Себебі, өз ісін жетік білетін, білімді әрі білікті, талантты, өз мамандығына адал мемлекеттік қызметшілер алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ену үшін қажырлы да жасампаз еңбек ету қажет, – деді Марат Қалилаұлы.
Енді біліктілікті арттыруға бағытталған шараларға тоқталсақ. Былтыр кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында «Б» корпусы әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау өткізілді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және облыс әкімдігінің қолдауымен «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
– Аталмыш жоба арқылы Жаңақорғаннан екі жас үміткер барлық кезеңінен өтіп, қызметке кірісуге қабілетті екенін көрсетті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бес лауазым бойынша конкурс өткізілуде. Жалпы, әкім аппараты, дербес бөлім, кент және ауылдық округ әкімдерінің және мәслихат аппаратын қосқанда «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымында 230 қызметкер жұмыс істейді, – деді бас маман.
Айта кетерлігі, Марат Қалилаұлы да білікті маман. Ол Алматы қаласындағы «Банк ісі және Алатау Қазақстан университетінде «есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алған. Мамандық бойынша бірнеше мекемелерде еңбек етіп, 2016 жылдан бері аудан әкімдігінде қызмет етіп келеді.
Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында қабылданған шараның бірі 2014 жылдан бері кәсіби мерекелер тізіміне «Мемлекеттік қызметші күні» енгізіліп, жыл өткен сайын аталған мерекенің маңыздылығы артып келеді. Осы мереке аясында Сыр елінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында дәстүрлі жарыстардың жалауы желбіреуде. Биыл шағын футболдан қызметшілер арасында жарыс өтеді. Соған іріктеу мақсатында жуырда аудан орталығында ала доп бәсекесі өрбіп, үздіктер анықталды.
Сонымен қатар, Ұлт жоспарының 12-қадамы этикалық кодкстің енгізілуіне бағытталған. Яғни, бұл жүйені жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу негізгі жоспар болып табылады. Сондықтан, әдеп кодексін жүзеге асыру ең алдымен мемлекеттік қызметтегі сыбайластыққа жол бермеудің алғы шарты деп қарауға тиіспіз.
Қорыта айтқанда, заманауи мемлекет құру, қоғамда заңның үстемдігін арттыру, орнықты экономиканы көздейтін индустрияландыру және экономикалық өсу бүгінгі әлемде болып жатқан сан түрлі қатерлерге жауап бере алады. Сондықтан, дамыған елдердің көшіне ілесуде мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілетті болуы маңызды.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
19 маусым 2018 ж. 1 088 0