№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда 220 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда

Ауданда 220 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда

   Ұлт жоспары – «100 нақты қадамының» алғашқы 15 қадамы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады. Себебі Президент мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр. Мемлекеттік қызметкерлер Президент саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билікті байла­ныстырушы. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңартылуы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, халыққа қызмет ететін қызметкерлердің әділдігі, қызметіне деген адалдығы мен жауапкершілігі – әрбір мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.
Елбасының «Қазақстан-2050» Страте­гиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік – тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп көрсетілген. Демек, мемлекеттік қызметші алдында кәсібилікпен бірге әдептілікті қоса алып, тұтас имиджін қалыптастыру міндеті тұр. Осы тұста, мемлекеттік қызметшілердің арасында жағымды моральдық-психоло­гиялық ахуалды қалыптастыруда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің рөлі зор. Осы орайда, Жаңақорған ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Салыбековпен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде білмекке тілдестік. Алдымен әдеп жөнiндегi уәкiлдiң негiзгi функцияларынан бастайық.
– Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн бұзу­шылықтардың профилактикасын қамта­масыз ету қызметiн жүзеге асырады. Сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға консультация береді. Қызметшiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi. Олардың әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеудi және бақылауды жүзеге асырады. Былайша айтқанда атқарар жүк жеңіл емес. Ең бастысы қадағалауды күшейтіп, нақты бағыт-бағдар беріп отыру маңызды, – Адай Елеусізұлы.
Кодекс – халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
– Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу­шылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру бағытында жемісті жұмыс атқарудамыз.
«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде» мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген, – деді А.Салыбеков.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл аудан бойынша жергілікті атқарушы органдардың штат саны – 224 бірлікті құрайтынын жеткізді. Оның ішінде, аудан әкімі аппаратында – 22, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында – 124, аудандық дербес бөлімдерде – 78 екен. Жалпы, бүгінгі күнге аудан бойынша 220 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасауда.
Құзырлы мекеме облыс әкімі аппаратымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негі­зінде жасалған алдын ала ескертумен мемлекеттік қызметкерлерді тоқсан сайын дербес қол қою арқылы таныстырып отырғанын жеткізді. Оған қоса, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мақсатында аудан әкімдігінің  zhanakorgan.gov.kz  интернет ресурсының «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде «ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» орналастырылды және «Құқық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты бөлімше беттері  ашылып жұмыс жасалуда екен.
– Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен жылы  Әдеп кодексін сақтау бойынша аудан әкімі аппаратының қызметкерлері арасында дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Сондай-ақ ауылдық округ қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізіліп, жеке қабылдаулар ұйымдастырылды. «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалында жеке қабылдау өткізіліп, қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет атқара жүріп қосымша ақы төленетін қызметтермен айналысу, ішкі конкурстарға қатысу талаптары, әлеуметтік желілерді пайдалану, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдептілік талаптары т.б. мәселелер бойынша өтініштер беріліп, берілген өтініштерге тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – дейді аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл.
Қазіргі кезде аудандағы мемлекеттік мекемелерде артық жұмыс істеу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілуде. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнында болу фактілеріне сәйкес рейдтер ұйымдастырылып, кент және ауылдық округ әкімдері мен бөлімдер басшыларына  жұмыс уақытын, еңбек тәртібін қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді. Бүгінгі таңда барлық кент, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып және Әдеп кодексі талаптарының мүлтіксіз орындалуына бақылау жасау жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, хат жолданған.
Түйіндей айтқанда, мемлекеттік қызметші өз жұмысын адал және лайықты орындап, ел алдындағы азаматтық борышы мен халық сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтағаны абзал. Сонда ғана ұлттық рухты асқақтатып, алдындағы сенім үдесінен шығуына мүмкіндік артады.
                                                                                                                                                   Әли ТЕМІРБЕК
17 қараша 2019 ж. 985 0