Мемлекеттік қызмет көрсету
Интернет танымдылығының артуына байланысты әлеуметтік желілер өзара әрекет маңызды мәнеге ие болып отыр. Әлеуметтік сервистер арқылы электронды үкіметті белсенді жылжытуға болады. Facebook, Вконтакте, Twitter, Одноклассники, Instagram және Whatsap әлеуметтік желілері арқылы портал туралы ақпараттандырып отыру тиімді.
Электронды үкімет қызметіне сұранысты арттыру бойынша стратегиялардың маңызды бағыттарының бірі оларды ұсыну бойынша әртүрлі тәсілдерді пайдалану болып табылады. Қызметтерді алудың мұндай құралдары екі нұсқада ұсынылуы мүмкін: дәстүрлі және цифрлық арналар. Дәстүрлі тәсілдері жеке хабарлау, телефондық немесе пошталықсұрауды қамтиды. Цифрлық құралдарвеб-сайттар, мобильді қосымшаларжәне жалпыға қолжетімді нүктелерді (киоск) қамтиды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жұмылдыру ресурстары автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзіне «электрондық үкімет» порталы арқылы (ИШ) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі төмендегідей өтінімдерді қабылдайды:
- Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беру;
2. Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер интернациолистерге) анықтамалар беру;
3. Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру;
4. Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер
(әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру;
5. ҰОС қатысушыларға, куәліктер беру;
6. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қою және одан шығару;
7. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау;
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде odozhanakorgan@mod.gov.kz электронды почтасы ашылғандығын хабарлаймыз.
М.БАКИРОВА,
Жаңақорған ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі
Бөлім бастығының көмекшісі (мемлекеттік қызмет
көрсету және азаматтардың өтініштерімен
жұмыс жөніндегі) азаматтық персонал