№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет көрсету міндеті

Мемлекеттік қызмет көрсету міндеті

Интернет танымдылығының артуына байланысты әлеуметтік желілер өзара әрекет маңызды мәнеге ие болып отыр. Әлеуметтік сервистер арқылы электронды үкіметті белсенді жылжытуға болады. Facebook, Вконтакте, Twitter, Одноклассники, Instagram және  Whatsap  әлеуметтік желілері арқылы  портал туралы ақпараттандырып  отыру тиімді.
Электронды үкімет қызметіне сұранысты арттыру бойынша стратегиялардың  маңызды бағыттарының бірі оларды ұсыну бойынша әртүрлі тәсілдерді пайдалану болып табылады. Қызметтерді алудың  мұндай құралдары  екі нұсқада ұсынылуы мүмкін: дәстүрлі және  цифрлық арналар. Дәстүрлі тәсілдері  жеке хабарлау, телефондық немесе пошталық сұрауды қамтиды. Цифрлық құралдар веб-сайттар, мобильді қосымшалар және жалпыға   қолжетімді  нүктелерді (киоск) қамтиды. 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жұмылдыру ресурстары автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзіне «электрондық үкімет»  порталы арқылы (ИШ) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі төмендегідей өтінімдерді қабылдайды:
1. Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беру;
2.Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, жауынгер интернациолистерге) анықтамалар беру;
3.Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру;
4.Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери  билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру;
5. ҰОС қатысушыларға, куәліктер беру;
6. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке қою және одан шығару;
7. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау;
Сондай-ақ, Жаңақорғанауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде odozhanakorgan@mod.gov.kz электронды почтасы ашылғандығын хабарлаймыз.
Жаңақорған ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі
Бөлім бастығының көмекшісі (мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі) азаматтық персонал

Бакирова Мадина Абужусиповна

08 желтоқсан 2020 ж. 891 0