№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» "Джитил агент" қосымшасы жайлы не білесіз?

"Джитил агент" қосымшасы жайлы не білесіз?


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауында айрықша маңызға ие. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызын, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшуге тиіс деп атап өткен болатын.


Осы мақсатта Қызылорда облысында тиісті іс-шаралар қолға алынып, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үлесі жыл өткен сайын артып келеді. Өткен жылы облыс бойынша 371 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 189-ы жергілікті атқарушы органдармен, 182-сі аумақтық мемлекеттік органдармен ұсынылды.
2019 жылы жергілікті атқарушы органдармен 2403978 қызмет көрсетілген. Оның ішінде, баламасыз тек қағаз түрінде 230452 қызмет, баламалы қызмет түрлері бойынша қағаз түрінде көрсетілген қызмет 29242 рет, ал электронды түрде 2010666 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен 133618 қызмет берілген. Электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, нәтижесінде 92,5 пайызға жетті. Ал, баламалы қызмет бойынша қағаз түрінде көрсетілген қызмет үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға азайып, 1,3 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан 53 тексеру жүргізілді. Тексерулер нәтижелерімен 32206 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 21187 заңбұзушылық ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді сұратуға қатысты орын алған. Оның ішінде, ең көп кездесетіні мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың азаматтардан жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін талап етуі болып отыр. Сондай-ақ, 7036 рет стандартта көзделмеген құжаттар талап етілсе, 3692 рет қызмет көрсету тәртібі бұзылған.

Тексерулер нәтижесімен заңбұзушылықтарды жою туралы 59 ұсыным енгізіліп, заңбұзушылықтарға жол берген 37 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңдылықты сақтап, азаматтарға мерзімінде сапалы қызмет ұсыну талаптарын түсіндіру қаншалықты маңызды болса, халыққа да қызметтерді алу кезіндегі өз құқықтары мен құқықтарын қорғау үшін сапасыз қызметтерге шағым білдіру жолдарын түсіндіру де маңызды.
Облыс тұрғындарына «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларына үйрету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен бірлесіп 580 рет оқу курсы өткізіліп, 81292 адам оқытылды. Оқыту кезінде барлық қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбалар рәсімделді.
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу, олардың сапасына шағымдану мен «Дижитл агент» мобильді қосымшасымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіру бойынша 80-ге жуық шара өткізіліп, 3500-ден астам адам қамтылды. Облыс көлемінде 24 мемлекеттік көрсетілетін қызмет жәрмеңкесі өткізіліп, 3200 азамат қажетті қызмет мен ақпарат алды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік беретін «Дижитл агент» мобильді қосымшасын 826 азамат пайдаланып, қызмет көрсету сапасына тиісті бағасын жолдаған. Оның ішінде 107 азамат шағымдарын білдірген. Шағымдардың негізгісі – қызмет көрсетуші маманның орнында болмауы, кезекте ұзақ күту, мамандардың дөрекілігі болды.
Қазіргі таңда қызметтерді электрондық түрде алуды тұрғындар арасында насихаттау уақыт талабы болып отыр. Қызметтерді электрондық форматта алудың артықшылықтары жетерлік. Адамдар қызметтерді онлайн алу арқылы әкімшілік кедергілерді азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, адами факторлардың алдын алады және өздерінің уақытын, қала берді қаржыларын үнемдейді. Осы ретте облыс тұрғындарының белсенділігі қажет.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
---
19 ақпан 2020 ж. 695 0