Көмек түрі: дәтке қуат па, арға сынақ па?
Шуақты Наурыз мерекесінің шарапаты әлеуметтік жәрдемақымен қамтылуға тиіс топтардың көңілін бір көтеріп, аудандағы “СКЗ-U” компаниясы, банк мекемесі және білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылған заттай көмек түрлері көрсетілді. Дұрыс-ақ. Енді осы жақсы бастаманың барысы қалай болды. Соған тоқталайық.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің ішіне енгеннен әйел-аналардың дабыра дауысынан құлақ тұнды. Бәрі де осы беріліп жатқан жәрдемнен үмітті. Ереже бойынша, берілген көмек мұның алдында алған отбасыларға емес, кезегімен келесілерге берілуі тиіс. Орталық қызметкерлері осыны қалың топқа егжей-тегжейлі түсіндіріп әлек. Бір анық нәрсе, ауданда көмек алуға ниеттілердің саны көбеймесе азаймай тұр. Бұған бір ғана себеп – жұмыстың жоқтығы.
Әріректе жалғыз отырған жанға назарымыз ауып жақын келдік. Бізге мұңын шаққан ананың мұғдары тым бөлек: – Қызымның талма ауруы бар. Кез-келген уақытта ұстамасы ұстап, қай жерде қалып кеткенін де білмей қаламыз. Тұрмыс құрған. Үш баласы бар. Күйеуі керек қылмай әкеліп тастаған. Қызым жұмыс істегісі-ақ келеді. Тіпті ауыр ма, жеңіл ме, таңдамайды. Жұмысқа тұрғаннан кейін көп ұзамай, шығып қалады. Яғни ортаға қолайсыздық тудырады. Қайтерімді де білмеймін. Амалым таусылғаннан осы жерге келіп отырмын. Өз басыма зейнетақым да жетер-ау. Мына қызым мен оның балаларына жеткізу қиындау болып осы жерде азық-түлік беріп жатыр деген соң келген едім, – деді. Бірақ бұл кісінің аты-жөні 250 отбасыға арналып жасалған тізімге тіркелмеген.
Орталықты басына көшіріп, құр айқайға басып жатқандарға құлақ түрсек, бәрінде көмекті өзім алсам деген пыйғыл басым.
Мекеме басшысы не дейді?
– Орталықтың әлеуметтік қызметкерлері әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен ұдайы байланыста. Былтыр, яғни 2020 жылға кент және кент және ауылдық округ бойынша 1 134 отбасыға 15 339 900 теңге, аудан кәсіпкерлері 970 отбасыға 9 379 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетсе, 2021 жылы кәсіпкерлер арқылы 200 отбасыға 2 млн теңге көлемінде қайрымдылық жасалды. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері 1050 оқушыны 5млн көлемінде мектеп құралдарымен қамтыса, тұрмысы төмен отбасыларға 64 мың теңге көлемінде 80 отбасыға азық-түлік тарқатылды, – деді Жарасқан Наурызханұлы.
Үкімет тарапынан белгіленген қайырымдылық шараларға қоса ел арасында өз атынан садақа ретінде сауапты істер жасап жатқан азаматтар да бар екен. Бірақ біз мына нәрсені білуіміз керек. Дені сау адамды жарылқау да сын. Жас ұрпақ адами қасиеттерді үлкендерден алады. Сондықтан балаларымызға еңбексүйгіштіктің үлгісі болуымыз керек. Қалтасында қаржысы бар азаматтар қал-қадірінше қаражат бөліп жатыр. Десек те, олар аудандағы 2 866 мүгедекті, 3 954 көпбалалы, 100 ден аса жалғызбасты қартты жан-жақты қамтамасыз ете алмайды.
– Бүгінде кәсіп бастаймын деген кез-келген азаматқа үкіметтен қолдау бар. Алтын, күміс алқалы аналардың салық төлемейтіні тағы бар. Сосын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланған. Айтпақшы, жоғарыда айтып кеткен көпбалалы аналарға берілетін гранттар мен пайызы төмен кредиттер істі енді ғана бастаған кәсіпкерге қолдау екенін айтпаса да түсінікті. Әйтсе де маңдай терлетіп еңбек еткеннен гөрі дайынға жүгірген жас-кәрінің бір күндік жәрдемге бола жөн-жосықсыз мекеме жұмысына кедергі боп кеңсе кезіп жүргені жарасып тұрған жоқ, – дейді ол ренішін жасырмай.
Қазақ қай заманда да қазақ. Сөзге тоқтаған. Ұяты мен арын бәрінен жоғары қойған. Әдептен аспаған. Ал қазір ше... Адам пенде болған соң әр түрлі сынақтарға тап болады. Соған байыптылық танытып, сабырлық еткенге Жаратқанның берер сыйы көп. Мұндайда бабаларымыз «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деп бекер айтпаған. Сабырлық адам баласын кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиет. Құран Кәрімде: «Сөзсіз сендерді қорқынышпен, аштықпен және де малды, жанды әрі жемістерді азайту арқылы сынаймыз, алайда сабыр етушілерді сүйіншіле!» дей келе адам баласын түрлі қиындықтармен сынайтындығын баяндайды. Сағид бин Әбу Уаққастан жеткен хадисте: «Уа, Алла Елшісі! Қайсы адамға ең қиын сынақ беріледі?» деп сұраған. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кісі дініне қарай сыналады. Егер діні берік болса, сынағы қатая түседі. Ал, діні әлсіз болса, иманына байланысты сыналады» деген екен. Иә, жоғарыда айтылғандай пендеге сынақ иманы мен сабырын сынау үшін де беріледі екен. Олай болса құр байбаламға салмай сабырлы болайық.
Өзіміз куә болған өтпелі кезең қиыншылықтары әлі ұмытыла қойған жоқ. Бес-алты жасар ойын баласы болсақ та әр үйдегі жағдайға қанықпыз. Азық-түліктің тапшылығын сезінген жұрт көшеге шығып, ешкімге алақан жайып тұрғанын көрмедік. Жалақы, зейнетақысын алты айлап алмайтын аға-апаларымыз сыр бермей сынақтан шыға білді. Анығында, ары мен намысы оларды өз биігінде қалдырды.
Тақырыпқа тұздық
Жәмиләның үш баласы бар. Күйеуі тастап кеткен. Пәтер жалдап тұрады. Әке-шешеден ерте қалған оның бауыры, дос тұтар жақыны жоқ. Бірақ иманы зор. Алладан сұрап, бес уақыт намазын қаза қылмай бергеннің берекесін сұрап жүр. Ең бастысы, Жаратқанның жарылқайтынына сенеді. Жұмыс істеп нәпақа табайын десе, балалары әлі жас. Енді мына қызықты қараңыз...
Осы қамкөңіл пендесіне Тәңірдің назары ауғандай. Айналасында өзін жақын тұтып, қолұшын созып, қарайлайласатындардың қарасы артты. Көптің осы пейіліне өзінің де көкірегі ашылып, қолынан келген қайырымды тірлікке жүгіруге асық. Көрші тұратын қарт әжей қалт-құлт етіп кіріп-шыққанында қасына қара болып, ас-ауқатына дейін бөлісіп отырды. Үйін жинап, кір қоңын жуып беріп, осы ісіне өзі риза болып жүретін. Бірде қатты сырқаттанып жедел-жәрдем шақырған ана, өз атындағы үйді мұраға өзіне қалдыратынын айтты.
Табан астынан таудай сыйлыққа ие болған келіншектің тілегі қабыл болды. Айтпағымыз, әр адам тек өзіне ғана жауапты. Осы қағиданы ұстансақ ғана өмір сүру деңгейіміз жақсара түспек.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА