№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Облыс әкімінің гранты: әлеуметтік қажеттілікті қамтуы тиіс

Облыс әкімінің гранты: әлеуметтік қажеттілікті қамтуы тиіс

Облыс әкімінің грантының жыл сайын саны артып, жастардың қоғамға қажетті мамандық алуына жол ашуда. Қарапайым отбасының балаларының сапалы білім алып, қоғамнан өз орнын табуы үшін 150 грант өз иесін күтуде. Оның 15-і біздің аудан талапкерлеріне бағытталмақ. Өңір басшысының грантын қалай иемденуге болады? Оған қандай талаптар қойылған? Біз осыны тарқатуды жөн көрдік.

Әлеуметтік осал топтардың балаларын жоғары оқу орнымен қамтуға бағытталған грант жайында білмекке Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбекке жолықтық.
– Биыл облыс әкімінің грантының 15-і ауданға тиесілі. Бұл ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына үлкен көмек болса, екіншіден өңірге қажетті мамандар даярланады. Міне, облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова осындай мақсаттарды бір арнаға тоғыстырып, әлеуметтік көмек ұсынуда, – деді.
Биылғы талапкерлерге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 7 грант бар. Оның ішінде физика 1, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығына 1, туризм 1, технологиялық машиналар мен жабдықтар 1, орыс тілі мен әдебиеті 1, азық түлік өнімдері технологиясы 1, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру техногиясы мамандығына 1 грант берілмек. Ал, «Болашақ» университетіне 2 грант беріледі. Нақтырақ айтсақ, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы медицина мамандығына 2 грант бар. Электроэнергия мен математика мамандығына бір-бір орын дайын. Сондай-ақ, Дәстүрлі өнер институтына «сәндік қолданбалы өнер және кәсіпшілік мамандығына бір орын, Қазақ Ұлттық Аграрлы университетіне ветеринария мамандығына бір грант, Қарағанды медициналық университетіне «жалпы медицина» мамандығына бір грант, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне «жалпы медицина мамандығына 3 грант бар.
Сонымен, 2020-2021 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантына үміткерлерді қабылдау басталды. Қорытындысы тамыз айында жарияланады. Осы тұста, бұл мүмкіндікке кім ие болады? Құжатты қайда тапсырады? Маманның айтуынша, құжат ауылдық округінің әкімдігінде және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесінде қабылданады. Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері), мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар; көпбалалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжат қабылдау үстіміздегі жылдың 12-20 тамыз аралығында аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі. Тапсыратын құжаттар тізбесін осы бөлімдерден алады. Білім грантын тағайындау туралы шешімді конкурстық негізде жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Оқу грантына байланысты сұрақтар бойынша 8(7242) 27-01-11 телефонына хабарласуға болады.
– «Ең басты шарт – балалар Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, ветеринарияға – 60, педагогикаға – 70, медицинаға 65 балл болуы керек. Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау отбасының өткен тоқсандағы табыстарын ескере отырып жүргізіледі, – деді әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбек.
Бұл гранттар әлеуметтік мәселесі бар отбасыларының талапты жастарының алаңсыз білім алуына жол ашып отыр. Бастысы, қанаттанған жастарды іріктеп, қоғамға қажетті мамандыққа баули алсақ болғаны.

Мақпал МАРҚАБАЙ
15 тамыз 2020 ж. 632 0