» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТАЛАПТЫҢ ТЫНЫСЫ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ТАЛАПТЫҢ ТЫНЫСЫ

Ел алдындағы есепті баяндамасын кәсіпкерлік саладан бастаған ауыл әкімі Ербол Тақырбасов тұрғындардың кәсіпкерлікке ынтасы жоғары екенін жеткізді.

Мәселен, 2018 жылы Нәтижелі жұмыспен камту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2018 жылы 2 кәсіпкер 3,5 млн. теңге несие алса, «Өңірлік инвестиция орталық» ЖШС арқылы 2018 жылы 3 кәсіпкер 7,8 млн. теңге несие алған. Сондай-ақ, «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқыған азаматтардың саны бесеуге жеткен. «Бастау»»бизнес жобасы бойынша жеке кәсіпкер Бекжан Алимахамадұлы білімін жетілдірді. Жоба толығымен қуатталған Бекжан мал бордақылау мақсатында мал қора салу жұмыстарын жүргізуде екен. Қора жайы дайын болған жағдайда уақ мал бордақылау мақсатында несие алуға ниетті. Аудандық жұмыспен қамту мекемесі арқылы кәсіпкерлігін дамыту үшін 240 мың теңгенің грантына тиісті құжаттарын өткізген.
Ал, ауылда салық төлемдері бойынша түсімдер мүлік салығы – 184,5 пайызға, жер салығы – 170,6 пайызға, ал, көлік салығы 110,6 пайызға артығымен орындалған.
Есепті кездесу соңында «Жан» шаруа қожалығының төрайымы Жұмакүл Әжімбекова аудан басшысынан тұрмысы төмен отбасыларға несие алуға көмек болса деген өтінішін жеткізді. Осы сауалға орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдіғанит Ахметов мұндай азаматтардың бөлімге келуін, мүмкіндігіне қарай көмек болатынын тілге тиек етті.
26 қаңтар 2019 ж. 1 133 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 03:17
Is 40 Mg Cialis Dangerous Mrsa Amoxicillin Ou Acheter Lioresal buy generic cialis Pediatric Zithromax Propecia For Hair Loss

StevBlubof от 8 мамыр 2019 19:05
Meds Without Perscription buy viagra online Comparatif Prix Cialis Viagra Cialis Generico Pagamento In Contrassegno