№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алаяқтық жасағаны үшін жазаланды

Алаяқтық жасағаны үшін жазаланды


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік "Жаңақорған тынысы" газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен "WhatsApp" мобильді қосымшасының көмегімен онлайн брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.И.Рыскулов сотталушы Р. қатысты Қазақстан Республика ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің4) тармағымен қаралған іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес сотталушы Р. 2019 жылы әртүрлі сылтаулармен жәбірленуші К-ға мүгедектік құжаттарын алып беремін деп жалған айтып ақша алғанын және бірнеше жәбірленушілерге жұмысқа орналастырып беремін деп жалған айтып қомақты сома алып, жәбірленушілердің сенімдеріне қиянат жасау арқылы мүлікті заңсыз иемденіп, өзінің жеке бас пайдасына жаратып, бұл әрекеттерімен жәбірленушілерге мүліктік шығын келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушы Р. өзіне тағылған айыпты толық мойындады.Алайда оның тарапынан жәбірленушілерге келген залалды ішінара өтелгені анықталды.
Сотталушы Р. соттың үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Азаматтық талапкерлердің азаматтық талап қоюлары ішінара қанағаттандырылды.
Брифинг соңында судья Э.И.Рыскулов "Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы 6 нормативтік қаулысының 4 тармағының талабына сәйкес, алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін деп көрсетілгенініне тоқталды.
БАҚ тілшісі іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
31 наурыз 2021 ж. 410 0