№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаев сотталушы Қ. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.
Іс құжаттарына сәйкес сотталушы К,. 2018 жылдың желтоқсан айының 11-і күні өзінің таныстары Д., Д және К., бірге Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылындағы, «Береке» кафесіне тамақтану үшін кіргендерін, тамақтанып отырған таныстарына өзінің қылмыс жасауға бағытталған ойын білдірмей, үстелден тұрып кафенің барына барып ақша салынуға арналған кассаны тексеріп, кассада ақша болмауына байланысты бардың жанындағы есік арқылы келесі бөлмеге кіріп, кафе иесінің жатын бөлмесіне кіріп ұйықтап жатқан жәбірленуші У., жанындағы «Самсунг Галакси А3» үлгісіндегі телефонын көріп, аталған телефонды ұрлап оқиға орнынан бой тасалаған.
Нәтижесінде, жәбірленуші У., 50 000 теңге мүліктік зиян келтірген.
Осылайша сотталушы К., ұрлық, яғни бөтеннің мүмкін жайға заңсыз кіру арқылы жасырын жымқырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасаған.
Сотта қарау барысында сотталушы К., кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімнен бас тартып, өзіне тағылған айыбын толық мойындап, шын өкінетінін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын, оған залалды өтегенін, ол өзін кешіргенін көрсетіп, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен сотталушы К., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
18 наурыз 2019 ж. 795 0