Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн брифинг өткізілді.


Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.Тұңғышбаев сотталушы І-ге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-2-бабының 1-бөлігінің 3 тармағымен қаралған іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы І. мемлекеттік мекемеде есепші қызметін атқарып жүріп, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жымқыру мақсатында, банкілік төлем құжатына берілетін тізімге қоғамдық жұмыста қызмет атқармаған тұлғалардың аты-жөндерін көрсете отырып, оның тұстарына өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін жазып, 01.07.2019-01.03.2020 жылдар аралығында «Халық банкі» АҚ-ның жеке шотына 407 160 теңге аудару арқылы бюджет қаржысын жымқырып, 2019 жылы жалпы алуға тиісті 876 901 теңге ақша қаражатынан өзіне алуға тиісті сыйақыны артық есептеп, жәбірленушіге 472 264 теңге, материалдық залал келтірген.
Басты сот отырысында сотталушы І. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қазіргі кезде мемлекеттік сенімхат бойынша өкілі К-мен татуласқанын, келтірілген залалды толық өтегенін, ол өзіне кешірім бергенін, көрсеткен.
Жәбірленуші өкілі К. сотталушы І-ге кешірім беретіндерін, мекемеге келтірілген залал өтелгенін, оған қояр талап тілектері жоқ екенін көрсетіп, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен айыпталып сотқа берілген сотталушы І-нің қылмыстық ісі ҚК-нің 68-бабының 3-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 қыркүйек 2020 ж. 550 0