Кемімес шаруа есебі, күрмеуін кім шешеді?
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қоғамның ілгері жылжуы мен ел халқы әлеуетінің артуының кілті – шағын және орта кәсіпкерлікте екеніне көпшіліктің көзі әбден жетіп болды. Осыны ерте болжалдап, батыл іс-қимылға кіріскен ағайынның көбі бүгінде бай да, бақуатты олигархтар санатын толықтырып, ел дамуының белтеміріне айналып отырғанын да жоққа шығаруға болмайды.
Біздің бүгінгі әңгімеміз ауылда туып, атакәсіпті жалғап, төрт түліктің шаруашылығын шалқытып, ел тұрмысының шырайын арттыруға шама-шарқынша үлес қосып келе жатқан жеке кәсіп иелерінің тыныс-тіршілігіне бағытталмақ.
Жаңақорған ауданы бойынша мал және егін шаруашылығымен айналысып, өз күнкөрісін ғана емес, қарауында бірнеше адамды еңбекпен қамтып отырған ірі шаруа қожалықтарының саны – 382. Осының ішінде 200 кәсіпкер мал шаруашылығының маңдайын ашып, Қаратаудың етегінде ақтылы төл өргізген ата-баба аманатына адалдық танытып келеді. Әрқайсысында он отардан, алты, жеті, ең жаманында бір-екі отарды алдыға салған малды ағайын осы кәсібінің бағын жандырып, бағасын арттыруда қандай қадамға баруы тиіс, қандай әдіс-тәсілдерді жетік меңгергенде мыңғырған несібеміздің нәтижесіне қол жеткізе аламыз?
Ауданда мал шаруашылығы саласын көп жыл басқарған, төл кәсіптің қыр-сырына жетік тәжірибелі маман, бүгінде аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бүркітбаев Қаржыбек ағамыздың есігін қағып, осы сауалдарымызға жауап іздедік. Қыр мен Сырды қатар жайлап, дәулетін барынша еселеуге еңбек етіп жатқан кәсіп иелерінің табысының негізін қалауда қолындағы малын көбейтіп, саудалап, пайда табатын таптаурын тәсілдерінен басқа қандай жаңашыл талаптары бар? Нені елеп, нені ескермей жүрміз? Көкейді тескен күрмеулі сауалға бұл кісінің де жауабы әп-әзір тұр екен.
– Нақ осы мәселемен аудандағы іірі кәсіп иелерінің басын қосып, жобаларымызды ұсынып, пікір алмасқан болатынбыз, - дейді ол бізбен әңгімесінде. Заман талабы жаңаруды , алға жылжуды қажет етеді. Оның ағымына ілесуіміз үшін дәстүрлі кәсібімізді дамытып қана қоймай, оның өндірісін ұқсатуда жаңа технологияларға барынша ден қойып, жаңаша ізденуіміз керек қой. Турасын айту керек, облыс көлемін алғанда осы жағына салғырттық басым. Қалталы кәсіпкерлер назарын осы бағытқа бұрғымыз келеді.
Тоқсаныншы жылдары ауданымызға өзге елден, Түркиядан, Ауғанстаннан қоныс аударып келген оралман азаматтардың іс орайын біршама білетіндігі ықыласты жандарға әжептеуір мотивация бола ма деген үміт әлде де жоқ емес. Олар шетелде жүргенінде тері тон тігумен айналысқан, істің көзін біледі, тіпті кейбірінің қолында зырылдап істеп тұрған тігін машинасы да бар, тек қажетті материалды бұл өңірден табу қиынға түсіп тұр. Бізде мал көп, күнде сойылып жатқан малдың терісі ит-құсқа жем боп далаға лақтырылып жатыр. Шикізатты өңдеу өнеркәсібіне бет бұрар болсақ өңір үшін қаншама жаңалық, қаншама жұмыс көзі, тері өнімдерінен тігілген киім-кешекке қолжетімділік туып, аспандағы бағасы арзандайтынын тағы қосыңыз. Ерекше жаңалық қой. Бірақ аржағында ерен еңбек, көзсіз тәуеуел жатқанын ескерсек, екінің бірі батылы бармай отырған құр қиялдағы жоба бұл. Бүгін жұмсаған пұлымыздың пайдасын бүгін көрмесек пұшайман жейтін пейілді өзгертпей, нақты нәтижесіне бес немесе алты-жеті жылда бір-ақ қол артуымыз мүмкін бұл бастамаға көз жұмып барар жігерлі, патриот тұлға әзірге табылмай тұр, - дейді сұхбаттасымыз.
Хош. Бөлім басшысының айтуынша, биыл «Бизнестің жол картасы» бойынша 97 млн қаржыға Өзгент аумағынан ары К – 2 – ға қарай электр желісі тартылыпты. Енді осы аумаққа депутат кәсіпкер Әлібек Нәлібаевтың модульды сүт өңдеу комплексін ашамын деген уәдесі бар екен.
Ағарғаннан алты-жеті дәм түрлерін әзірлеуге болады. Қыркеңселік кәсіпкер Серік Мырзабаевтың комплексінде 90 бас сауын сиыр тұр. Шаруашылық жанынан сүт өндіретін зауыт салынса осынша өнімді ешқайда тасымалдамай өздерінде өндіруге мүмкіндік туар еді. Бірақ оған да құнттылық қажет.
Ауданда сүт өңдеу мәселесі күрделі. Кешегі кеңестік кезеңде жаманды-жақсылы жұмыс істеп тұрған жалғыз май заводымыз мемлекеттің меншігінен алынып, бүкіл құрал-жабдығымен жекенің қолына өткелі басынан бағы тайып, берекесі кеткеніне ел куә. Сапасы қатты жоғары болмаса да онда өндірілетін сары май, қаймақ, сүзбе, ірімшік дегендерді қазірде өндіріліп жатқан жоқ. Өндіріс жабдықтары түгесіліп бітуге айналған. Турасына келгенде, қолдан шыққан жергілікті өнімді кез- келгеніміз сүйсініп жейміз. Есімізде болса, екі мыңыншы жылдардан беріде ауданда шұжық өндіретін цех ашылған еді,сонда әшейінде колбасадан жиренетін әжелеріміз ауылдың шұжығынан бас тартпайтын. Өндіруші өз адамдары болғандықтан өзіндей сенетін болса керек. Сол әжептеуір ісіміз де технолог маманның тапшылығынан тұралап, ақырында жабылып тынды. Енді осындай ет өндіру цехтарын ашуға не кедергі?
Қолдағы дәулетті заманауи бағытта ұқсатып үлгіруге таптырмас тәсіл бұл. Бұған енжарлық танытып жүрген кәсіпкерлеріміздің де шекесі шылқып жүргені шамалы . Сол ен далаға қоя берген малына біресе жау шабады, біресе қаскөй біреулер қолдан әдейі өртеп, мыңдаған басын жалмайды. Кешегідей көктем туып, жайлауға бет алдық па дегенде аяқастынан ақырып келіп, апатқа ұшыратып кеткен табиғат мінезіне не қайран қыла алдық? Осының барлығы бізге сабақ. Баяғы үрдіспен алдыға мал салып, бейқам отырудың күні өткен сыңайлы.
Кеңестік кезеңде облыста ет комбинаты болды. Барлық аудан шаруашылықтары кесте бойынша кезекке қойылып, мал өткізіп жататын. Онда өндірілетін ет, шұжық, консерві өнімдері Кеңес одағын қамтамасыз етті. Қолдағы барды ұқсатуда күніне мың бас малды бұйым көрмейтін ет комбинатын өңірімізде салу дегенді былай қоя тұралық, полуфабрикат өндірісіне қадам жасауға әрбір малы бар қалталы азамат қам жасаса құптарлық. -6-дан -16 градусқа дейін мұздатылған орында еті бір бөлек, сүйегі бір бөлек бөлшектеніп, арнайы целлофан орамадағы кез келген ет өнімдерін үш айға дейін өзгеріссіз сақтауға болатын өндірісті неге қолға алмасқа? Қала типтес тіршілікке көше бастаған аудан халқы үшін бұл қазірде қажеттілікке айналып келеді. Қарап отырсақ, жіліктеп ет алып, қаптап картоп-пияз сақтауға екінің бірі мүдделі емес. Бұрынғыдай әр үйде қойма, жертөле жоқ. Қажет еткенін дүкеннен мөлшерлеп қана алып, монтиып отырар қаланың адамдары сияқты жан тыныштығын қолайлайтын көпшілік үшін өз кәсіпкерлеріміздің күнделікті сатылымға қаздай тізіп шығарып қойған жергілікті өнімдердің орны бөлек. Рас, дүкеннің ветриналарында мұздатылған фарш, құс еті деген кездеседі. Тіпті бағасы да арзан. Базарда еттің килосы екі мыңға жуықтағанда мұндағы фарш еті мың теңгеден төмен. Неге? Тым арзандығына да ақылың жетпейді. Қайдан келді, ненің еті деген күмән көңіліңде қоса көлденеңдейді. Өз өнімдерімізге осылай тосырқай қарар ма едік? Жоқ. Дәмі балдай таза өнімімізді сырттан да саудалаушы көбейеді. Бұл жергілікті бюджеттің де бүйірін томпайтып, арқамызды кеңге салуымызға жағдай туғызар еді. Осы жағына жанашыр тұлғалар мүдделі болса екен деген үміт басым.
ХХІ ғасырда
жеркепеде өмір
сүріп жатыр
Біз сөз етіп отырған кәсіпкерліктің маңдайын ашуда маңызға ие ең басты құндылық бар. Ол – адам еңбегі. Қарауындағы адамның өз кәсібін жетік меңгеруі бір басқа, тірлігіне шынайы берілген адалдық болмай қожалықтың да шаруасы шалқып, өрге басады деу қиын. Еңбек адамына туған бауырмен тең жанашырлық танытқанда осындай қамқорлыққа ол да жан-тәнімен берілген қызметімен жауап береді. Өкінішке орай, кейбір жеке кәсіпкерлер еңбек адамына ондай жағдай жасап отырған жоқ.
Жеркепе деген ұғым архаизмге айналды деп жүр екенбіз. Тоқсан үшінші жылдары аудан басшысы Ибрагим Әбибуллаевтың кезінде шопандарға асарлатып үй салдырып, ең соңғы малшысын жеркепеден жарық дүниеге шығарып, ух деп демін бір алған совхоз басшыларының көбінің бүгінде көзі жоқ. Өміріміз тым өзгеше, өркениетке жеттік деп желкілдеп жүрген жаңа заманда жалданып жұмыс істейтін малшы ағайынның біразын қожайындары қараңғы үңгірмен қайта қауыштырғанына қаның қараяды-ақ. Малшы қауымды кінәлап, өздері де тірі жан ғой, екі бөлмелі үй соғып алуға шамасы жетеді дейін десең ол байқұс кесек құйып там сала ма, жоқ алдындағы кемі екі мың бастан айналатын малына ие бола ма ?
Кәсіпте адал табысқа қол артуды мақсат еткен әркім алдымен еңбек адамына жағдай жасауды ең бірінші орынға қоюы керек. Сол кезде тапқаның таңдайыңа татиды. Берекесі баянды болады. Мұсылмандыққа келгенде де Пайғамбарымыздан (С.А.У) аманат етілген амал бұл. Алла елшісінің көзін жұмарда ең соңғы сөзі «Қарамағыңдағылардың жағдайына дұрыс қараңдар» деп өсиет етілгенін еске алсақ, мұның қорғасындай салмағы бір мысқал жеңілдеген жоқ.
«Елмен көрген ұлы той» деп үнсіз көндігер бұрынғы заман болса бір сәрі, айдың-күннің аманында аржағы қараңғы қуыс жеркепеде күнелтуге малшының өзі ықырар болғанымен жас өскін бала-шағасы, ұрпағымызға обал. Бұл үшін ешкім қожайынына шағым айта алмайды делік, бірақ іштей қорлану, нала деген бар емес пе?
Келінтөбе жаққа бет алған бір сапарымызда интернатта жатып оқитын өскінді ата-анасына табыстамақ ниетте жолай малшы отбасына бұрылған едік, тұмсығымыз төбесі жердің бетінен бір метрдей ғана биікте қалқайып көрініп тұрған жеркепеге тіреліп, таң қалғанымыз бір бөлек, жап-жарық бөлмеде, аппақ төсекте интернет айналдырып жүрген балақайдың көңілі қарадай жасып қалатын болды-ау деп жүрегіміз қан жылағанын несін жасырайық?
Түйін. Басшымыз болып, қосшымыз болып ойда қордаланған есеп көп, оның күрмеуін шешу өзге емес, тап осы кәсіпкерлердің өзіне келіп тіреледі. Бүгін олар қолға алмағанымен өкшелеп келе жатқан ізбасар ұрпағы осы міндетті іс жүзіне асыратын болады. Өркениетті кәсіптің көкжиегіне қол артудың жалғыз жолы, ол – жаңашылдық.
Баян ҮСЕЙІНОВА