№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жағаға келген жайын

Жағаға келген жайын


Осындағы  «Қарасопы» елді мекені  үлкенді-кішілі бес көлдің ортасында тұр. Сырдария өзені көктемде тасығанда  жергілікті халық өзенді жырып, суын арықтарға жіберіп, табанына егін еккен. Арық суы «Борықтының» үстінен иіріле өткендіктен  «Иіркөл» атанған. Иіркөл мен Қорғантоғай жағасын мекен еткен халық егін егіп, мал өсііріп, тоғайдан аң-құс аулап, судан балық сүзіп күн көрген. Борықты мен Иіркөлді мекен еткен момын халық осыншама ауыртпашылықтарға  төзіп, кәдуілгі тұрмысын кешіп, қыз алысып, қыз берісіп, құдандалы жегжат боп араласып жататын.
Кейін, кеңес өкіметі орнаған соң Тақыр­көл каналы қазылған. Бұл канал Борықты, Әлімкөл, Қорғантоғай көлі­не кеп құйып жатты. Алдыңғы жағы Сыр­дариямен жалғасатын арық­тың ортасы үлкен көл болып, дария­ның суы қайтқан кезде арнасын қа­лың қоға басып, кемері қаталаған май­да шабақтың қалдығына толып, тобарсығаннан са­ситын, жергілікті халық «Сасықкөл» атандырғаны содан. Көлдің ортасында биікте «Қарасопы әулие» маңында кішкентай ауыл отыратын. Біз, Борық­тының балалары Жаңақорғанға мек­тепке сол судан қайықпен өтіп келетінбіз.
Кейін бұл аумақты Үсенұлы Төлеген деген азамат жекеге алған. Қазірде баласы Мажиттің қарамағында. Екі судың ортасында  5-6 шақырымдай келетін аумақтағы Қарасопы мекеніне баласы Жүсіп иелік жасап отырды. Шырақшысы Аблақ деген кісі еді, Белсенбай сол ауылдың биі болды. Үсен, Жарықбай, Мұхтар, Жүсіп, Алдаберген, Әбілпатта қожа, тағы басқа кісілердің үйлері болатын, Ел малын бағып, егінін егіп, су жоқ кезде шығырмен су шығарып күнелтті. Жайылымы шүйгін болған соң мал да ұзамайды, айнала қоршаған су. Қали, Шаймен деген түйекештер үкіметтің түйесін бағып отыратын. Солардың балалары Тұрсынбай Шымкент политехникалық институтында оқыған, кейін Шымкент қаласында электр мекемесін басқарды. Ал Рахматуллаұлы Шайменнің баласы Жақсылық  алдымен аудандық газетте, кейін облыстық «Сыр бойы» газеінде редактор болды.
Дария тасыған кезде «Сасықкөлдің» ортаңғы терең жерінде қайырлап қалатын қылтығы жоқ жайынға ауылда жерік көп. Бірақ оны айласын біліп, амал қылмасаң қолға түсіру оңай емес. Бірде мынадай оқиға болды. Су бетінен жайынның жонын байқап қап нән балықтың басы мен құйрығын көздеп шанышқы лақтырған төртеуді бірдей жайын ең күшті жері – құйрығымен  жалт беріп соғып, сұлатып салды да, судың тереңіне шым батып жоғалды. Малмандай су болып көл жағасына шыққан бұлар шанышқыны түгендеп еді, екеуін тапты, ал екеуі жайынның денесінде кеткені белгілі болды.  Екі күн өткенде су бетіне қарайып көрінген жайынды жағаға алып шыққан. Шанышқы қадалған баста әлі тұр. Судың бетіне шыққан денесі ағарып қалыпты. Қарасопыдағы Жапар мағзымғам барып, балықты жеуге адал-араидығын сұрап еді, су бетіне шығып қалған бөлігін кесіп алып, итке тастаңдар, өңгесі  адал, бөлшектеп елге таратып беріңдер деген ақыл айтты. Содан бәрі жабыла жайынды сойып жатқанында қарнынан кеше балықты соққандаодың бірі Қиястың қалпағы шыққанында көздері атыздай болды. Бас киімін егесімен қоса жұтуға қауқарлы жайынмен айқаста аман қалған өздерін Құдайдың бір қаққанына  іштей тәубе қылысқан. Осының барлығын өз көзімен көріп,  әңгімелеп берген нағашым Еламанның айтқанын қаз-қалпында өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім.
Жұмабек Сейтмұратов,
медицина саласының ардагері.
18 наурыз 2021 ж. 618 0