№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУҒА БАТУ ОҚИҒАСЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ

СУҒА БАТУ ОҚИҒАСЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ


Жаңақорғандық Дүйсенғали Зейнулов «Әлімкөл» көліне батып кеткен жасөспірім қызды құтқарып қалды. Қаршадай қызды судан шығарып, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін, жасөспірім есін жиып, өз-өзіне келген.


Оқиға кенттің «Әлімкөл» аумағындағы көлде 24 шілдесінде сағат 19.10 кеткенде болған. Кент тұрғыны көлдің қасына жақындап қалғанда көмек сұрап айқайлаған балалар алдынан шығады. Олар суды көрсетіп көмектесуін сұрайды. Бұл жөнінде бейбіт күннің батыры Дүйсенғали былай деп баяндайды: «24 шілде күні кешкі сағат жетілерде «Әлімкөл» көліне барып, шомылып қайтайын деп баламмен шыққан болатынмын. Кенет, көлге жақындағанда кішкентай қыздар алдымнан жүгіріп шығып, суға батқан балаларға көмек көрсетуімді сұрады. Еш ойланбастан көлге сүңгідім. Айнала тып-тыныш. Кісі баласы көрінбейді. Сосын аяғыммен ары-бері жүріп іздедім. Көлдің орта тұсына келгенде аяғыма бір нәрсе ілінгендей болды. Су астына сүңгіп, бір қызды алып шықтым. Алғашқыда ес-түссіз жатты. Тез арада алғашқы жәрдем жасап, қолдан дем алдыру тәсілін қолдандым. Сәлден соң, есін жинап, суда тағы бір қыз бар екенін айтты», – дейді Дүйсенғали.
Содан екінші мәрте суға сүңгіп, баланы іздей бастайды. Тағы да орта тұсына жеткенде тыныс алуын тоқтатқан баланы тауып, жағаға көтеріп алып шығады. Дүйсенғалидің сөзінше, ол кезде екінші бала тыныс алмай тұрған. Көгеріп, көзінің жанары жоқ екенін түсінген Дүйсенғали алыстан «Гай» қызметкерлерінің көлігін көріп қалып, көмекке шақырады. Соңыра, жедел жәрдем қызметін шақырған. Өкінішке орай, жеті жасар бүлдіршіннің көрер жарығы үзілген екен.
Кент тұрғыны Дүйсенғали Зейнулов өзінің ісін ерлікке санамайды. Ол өзінің орнында кез келген азамат осылай жасайтынын жеткізді. Дейтұрғанмен абдырап, бойын қорқыныш билесе де еш сыр берместен екі бірдей жасөспірімді судан алып шыққан Дүйсенғалидің ісі – ерлікке пара-пар.
Болған оқиғаның мән-жайын толығырақ білмек мақсатта аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берік Омаровты сөзге тарттық.
– Оқыс оқиға 2019 жылдың 24 шілде күні 19:10 минут шамасында болған. Кенттегі Амангелді көшесінің тұрғыны Д.Зейнулов «Әлімкөл» көліне бара жатып, 18.10.2008 жылы туылған А.О-ны судан шығарып алғашқы көмек көрсеткен. Содан соң есін жиған қыз суда тағы бір қыздың бар екендігін айтқан. Ойланбастан екінші қызды дасудан шығарып алған. Өкінішке орай, кейіннен анықталғандай, Жаңақорған кенті, Ы. Алтынсарин көшесі №1/7 үй тұрғыны 10.10.2012 жылы туылған А.Б. суды көп мөлшерде жұтып тұншығу салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Ал 18.10.2008 жылы туылған А.О. аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде «Суға бату» анықтамасымен жатқызылды. Айта кету керек, екі жасөспірім де Жаңақорған кентіндегі «Әлімкөл» көліне суға шомылуға барған, – дейді Берік Омаров.
Сондай-ақ сала басшысы Б.Омаров бөлім қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан су айдындарына күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Аудан аумағындағы су жағалауларына 35 және кент, ауылдық округтердің орталық көшелеріне бірнеше ескерту тақтайшасы қойылған. Ауа райының күрт ысып кету, Сырдария өзені, каналдар және су қоймаларында белгіленбеген орындарда адамдардың суға шомылу және суға ішімдік ішіп түсу фактілері жиілеп орын алуда екен. Соның салдарынан адам шығыны көбейді. Мәселен, жыл басынан бері 5 адамның суға кету фактісі тіркелсе, оның 2-уі жасөспірім. Сондықтанда сала басшысы ата-аналардан жасөспірім балаларын бақылаусыз қалдырмауды және суға түсуге арналмаған орныдарға шомылмауға, жазғы демалыс кезінде балаларды еркіне жібермеулерін ескертті.

Самат ӘБДІШ
27 шілде 2019 ж. 2 305 0