№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында судьялардың семинар сабағы өтті

Жаңақорған аудандық сотында судьялардың семинар сабағы өтті

Жаңақорған аудандық сотында «Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судьялар И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Семинарда судья И.Тұңғышбаев баяндама жасап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы №1 нормативтік қаулысының соттарда істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік қадағалау туралы заңнамасын қолдану жөнінде сот практикасы бойынша ашып айтып өтті.
Ішкі істер органы бастығының сотталған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы ұсынуында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін екі және одан да көп рет бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы деректермен қатар оның мінез-құлқы туралы, оның қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқытары мен заңды мүдделерін үнемі бұзғаны, өзге құқық бұзушылықтар жасағаны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс екенін, ұсынуға сот актілерінің, бас бостандағынан айыру орындарынан босаған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқытары мен заңды мүдделерін үнемі бұзғаны, өзге де құқық бұзушылықтарды жасағаны туралы сот актілерінің көшірмелері қоса берілетінін түсіндірді.
Әкімшілік қадағалау Заңда көзделген қылмыстың белгілі бір түрлері үшін соттылығы бар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарына соттың уақытша шектеулер белгілеуі, оларға міндеттер жүктеуі және аталған адамдардың әкімшілік шектеулерді сақтауын ішкі істер органдарының бақылауы арқылы қайта қылмыс жасауының жолын кесуге бағытталған шара болып табылатынын, әкімшілік қадағалау қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау болып табылатынын және адам қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқытары мен заңды мүдделерін үнемі бұзғанын, өзге де құқық бұзушылықтарды жасаған кезде белгіленуі мүмкін екенін, егер әкімшілік қадағалау белгіленгенін, бірақ адам жазасын өтеген соң әрекеті кейіннен қылмыс деп танылмаған болса, онда сот қадағалауда жүрген адамның немесе оның қорғаушысының өтінішхаты бойынша немесе ішкі істер органдарының не прокурордың ұсынуымен әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы қаулының күшін жойылатынын атап өтті.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы №1 нормативтік қаулысын талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі
13 наурыз 2021 ж. 747 0