№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандық сотта семинар өтті

Аудандық сотта семинар өтті

Жаңақорған аудандық сотында «Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселері туралы» «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судья Э.Рыскулов, кеңсе меңгерушісі Б.Нәлібаева, аудандық прокуратура өкілі М.Ендіберген, аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Р.Сұлтанқұлов және аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева қатысты.
Семинарда судья Э.Рыскулов баяндама жасап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №1 Нормативтік қаулысы бойынша бұлтартпау шараларын санкциялаудың сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірмелер берілгенін атап өтті.
Қылмыстық істер бойынша күдіктіге қатысты сотпен санкциялауына жататын күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ҚПК-нің талаптарын қатаң сақтау қажет екеніне тоқталды.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде күдіктінің өзге әкімшілік аумақта тұрақты жерінің болуы, бұрын сотты болғаны, жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығы «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға бірден-бір негіз бола алмайтынын түсіндірді.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көрсетілген қылмыстар үшін ғана қолдануы мүмкін екенін атап өтті.
Егерде күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланған болса, күдікті ұсталғанан кейін оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасының негізділігін анықтау үш ол дереу сотқа жолдану қажет екенін айтты.
Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде ҚР ҚПК-нің 145бабында көрсетілген, қылмыстың санатына қарай белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс екеніне тоқталды.
Сондай-ақ үйқамаққа санкция берілген кезде ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде көзделген күдіктінің, айыпталушының жүріп-тұру еркіндігін шектеу және тыйым салулар ақылға қонымды шектерде қолданылуға тиіс екенін соттардың ескергені жөн екенін атап өтті.
Семинарға қатысушылар бұлтартпау шараларын санкциялаудан туындаған сұрақтарын ортаға салып пікір алмасты.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 қаңтар 2021 ж. 654 0