№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Балаларды тәрбиелеу және алименттерді өндіріп алу істері талқыланды

Балаларды тәрбиелеу және алименттерді өндіріп алу істері талқыланды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2018 жылғы «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 қараша 2019 жылғы «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысының талаптарын оқып үйрену бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судьялар И.Тунгышбаев, Э.Рыскулов, кеңсе меңгерушісі  Б.Нәлібаева, аудандық заң консультациясының адвокаттары Қ.Төлепбергенов, Д.Әуелбеков, Г.Увайдаева және жеке сот орындаушысы  Н.Мейірбекова  қатысты.
Семинарда төраға Ә.Б.Түбекбаева «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдану туралы»  нормативтік қаулысы бойынша әзірлеген баяндамасын жасады. Ол өз баяндамасында дауды шешу үшін маңызы бар және тараптардың дәлелдеуіне жататын мән-жайларды дұрыс айқындау, аталған санаттағы істерді қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуларымен қарау,  баланың ата-анасының тұрмыстық жағдайын зерттеуді тиісті органға жүктеу және зерттеу актісі мен қорытындысын алдырту, баланың пікірін ескеру, сотқа дейінгі тәртіптің сақталуы, ата-аналық құқықтарынан айыру, шектеу кезінде анықталатын мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы»  нормативтік қаулысы бойынша судья Э.Рыскулов баяндама  жасады. Судья баяндамасында  талап қою арыздарының соттылығы  сот бұйрығының күшін жою үшін негіздер, алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану, мемлекеттік баж өндіру, іске үшінші тұлғаларды тарту, тараптардың материалдық, отбасылық жағдайларын анықтау, ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері, алимент өндіру туралы сот бұйрығы, шешімнің қарар бөлігінде көрсетілуі тиіс мәліметтерге тоқталды. 
Семинарға қатысушылар балаларды тәрбиелеуге байланысты даулар мен  алименттерді өндіріп алу жөнінде істерді қарау барысында туындайтын сұрақтарды ортаға  салып  талқылап,  түсіндірмелер берілді. 

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
05 ақпан 2020 ж. 980 0