№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьялар оқып-үйрену сабақтарын өткізді

Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьялар оқып-үйрену сабақтарын өткізді

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑоÑ
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Жаңақорған аудандық сотында  Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьяларының кезекті  семинар-сабағы  өткізілді.
Семинарға Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандық соттарының судьялары  қатысып,  білімдерін жетілдірді.
Семинар барысында Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев «Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу»,  Жаңақорған аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы», Жаңақорған аудандық сотының тергеу судьясы И.Тұңғышбаев «Тергеу судьясының өкілеттіліктері. Тергеу судьясының өкілеттіліктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары» тақырыптарында баяндама жасады.
Мұнан өзге шара барысында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының кассациялық сот алқасында 2018 жылдың қазан айында қаралған қылмыстық істер бойынша сот актілерінің бұзылу, өзгертілу негіздері талқыланды.
Сонымен қатар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану, оның басымдықтары жайлы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылап, тәжірибе алмасты.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
29 қараша 2018 ж. 727 0