Жайылманың желі
Таудан соғатын сойқан жел бір биыл емес, үнемі солай. Қашан көрсең жел уілдейді де тұрады. Жайылма ауылы желдің өтінде отыр. Әрбір тұрғын «Бұл қашан басылар екен?» деп айтпайды дейсіз бе, айтады. Адамды әбден мезі еткен соң солайы солай. Әсіресе, апшысын қуырғанда апаларымыз «Жер жарылып кеткен бе, жоқ әлде, аспан шұрқ тесіліп кетті ме?» дейтіні бар.
Табиғаттың тылсымы ма, тау беткейден жыл бойы Жайылманың желі үдеп, үздіксіз соғады. Жергілікті жұртқа үйреншікті болар, бұған сырт кісі таңданып жатады.
Түркістан облысының Бәйдібек, Ордабасы ауданы, Түркістан қаласы төңірегінде Арыстанды-Қарабас желі соғады. Бұл Қаратаудан басталатын табиғат құбылысының бірі. Сол секілді Жамбыл облысы Бурное ауылына (бүгінгі Б.Момышұлы) қар қалың түседі, жел тоқтаусыз соғып тұрады. Жазушы Аян Нысанәлі мұнда «құс жолы» бар дейтін. Жарайды, ол құс жолы екен, енді Жайылмада не құдірет бар?
Зерттеушілер жел мен судың үйкелісінен пайда болатын желді кейде дрейфтік ағысқа санайды. Бірақ Жайылманың желі үнемі соғатындай маңайында теңіз, не мұхит жоқ, сонда оның көзі қайда?
Қаратаудың күнгей мен теріскейінің қақ ортасында Айғыржал асу бар. Таудың биік тұсы да осы жер. Осында климат жиі өзгереді. Күннің күрт суып кетуі таңсық емес.
Табиғаттың да кереметі көп ғой, таудан төмен ылдида Бес сала жатыр. Оның арғы беті – Көржайлау. Кәдімгі терең сай, шамамен 500 гектар аумақты алып жатыр. Онан бері жалғыз жол бар, ел Жолөткен дейді. Жиделі өзенінің басы. Осы тау ішінен аэродинамикалық құбыр пайда болады да сай-саймен жел домалап келеді. Содан жел қатты қысымға ұшырап, соғу қуаты күшейеді. Мұны Бернулли заңы ретінде қарастырсақ сәйкестік келеді. Яғни жел полюсі саналады.
Метеорология негізі бойынша жел мейлінше батыстан соғады. Жайылма желі соның сипатын сездірді.
Солтүстік беткейде Алтыбай тауы бар. Ал, оңтүстік-шығысы Өгізмүйіс тауы. Тау қақпасынан кірген жел Ордакент тұсымен, Көкжиде, Ақтөбе шекарасын шарлап шығады. Жайылма ауылы жұртының айтуынша, жел үш күндік немесе жеті күндік болып бөлінеді.
Жалпы, ауа атмосферасында азот пен сутегі элементтері бар. Мұнан бөлек жер рельефінен жоғары газ қабаты барын білеміз, оның құрамында қаншама элементтің қоспасы таралған. Жер беті жылыған сайын атмосфералық қысым жоғары қабатқа енеді, күн суықта химиялық бөлшектер төмендейді. Оның салмағы жерге түсетін қысымды арттырады. Осыдан жел пайда болады. Бофорт шкаласы бойынша жел жылдамдығы көктемнің екінші он күндігі мен күздің басында секундына 10-15 метрге жетсе, сәуір, тамыз, кейде желтоқсан айында жел екпіні секундына 35 метрге дейін күшейген кезі болған. Міне, Жайылма желінің барлық құпиясы осы. Тек сол жел соғатын мезгілге бейімделу керек.
Жергілікті диқандар желдің жайын, уақытын жақсы білгендіктен қарбыз егісін пленкамен жауып, табиғаттың тосын күшінен тосырқамай, қорғанып келеді.
Қаныбек Әбдуов.