№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еліміздің 5 облысында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің 5 облысында дабылды ескерту жарияланды


Еліміздің 5 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромент 3-4 сәуір күндері еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

Қостанай қаласында және Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, шығыстан жел соғады. Түнде кей жерлерде желідің екпіні 15-20 м/с болады.
3 сәуір күні түстен кейін Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде 25 м/с жетеді. Шымкент және Түркістан қалаларында 3 сәуірде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.
Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтау қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.
3 сәуірде тәулік бойы Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 4 сәуірде кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 3 сәуірде шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с болады. 4 сәуірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
02 сәуір 2019 ж. 1 140 0