№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тазалық төрде тұрсын!

Тазалық төрде тұрсын!

Біздің жақта қыс қысқа, қанша қар қалың болғанымен, мезгілі жетсе мұз да ериді. Күн ұзарып, табиғат тамаша рең тағып, жердің тоңы бұзылды, дала оянды. Тіршіліктің тіні адамның қолына зәрулігін сездіріп, медет күткендей, мұңайып қарайды.

Аймақтың оңтүстік бөлігіміз, жаратылысы бөлек, көктемі ерте келеді. Биыл да солай секілді. Ақпанның ортан белі ауғаннан-ақ көктемнің иісін аңғартып тұр. Жер қара, аспанға шаң көтеріліп, айналаның кір-қожалақ сүрең беті көріне бастады. Жасырғанның жарасы асқынады деген бар, жыл сайын жарғақ құлақ жастыққа тимей, дабыл қағып, үндеу, насихат жасаудан кенде емеспіз. Байқайсыз ба, көше-аула тазалықты талап етіп тұр. Ұяты бетке ұрады.
Осындай шаруа күткен шақта тазалыққа ортақтасуға шақырамын, әркім өз аймағына жауапты екенін білдірсе деймін. Ендеше аталарымыз бала-немересін, аналарымыз келін-қызын үгіттеп, қоқыс шығартып, ағаш егіп, қоғамдағы озық орнымызды, үлкендік төбемізді көрсетейік!
Кент тұрғыны көшесін, ауылдағы ағайын айналасын тазартса, бұл ынтымағымыздың белгісі, береке-бірлі­гіміздің бастауы болар еді. Енді өзімізге өзіміз өнеге, сөзімізге ісіміз себепші болсын деген қауымның қолдауын күтемін, ағайын!

Руслан Рүстемов,
аудан әкімі
20 ақпан 2021 ж. 623 0