№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ТАЗАЛЫҚ ТӨРДЕ ТҰРСЫН!"

"ТАЗАЛЫҚ ТӨРДЕ ТҰРСЫН!"

Біздің жақта қыс қысқа, қанша қар қалың болғанымен, мезгілі жетсе мұз да ериді. Күн ұзарып, табиғат тамаша рең тағып, жердің тоңы бұзылды, дала оянды.

Тіршіліктің тіні адамның қолына зәрулігін сездіріп, медет күткендей, мұңайып қарайды.
Аймақтың оңтүстік бөлігіміз, жаратылысы бөлек, көктемі ерте келеді. Биыл да солай секілді. Ақпанның ортан белі ауғаннан-ақ көктемнің иісін аңғартып тұр. Жер қара, аспанға шаң көтеріліп, айналаның кір-қожалақ сүрең беті көріне бастады. Жасырғанның жарасы асқынады деген бар, жыл сайын жарғақ құлақ жастыққа тимей, дабыл қағып, үндеу, насихат жасаудан кенде емеспіз. Байқайсыз ба, көше-аула тазалықты талап етіп тұр. Ұяты бетке ұрады.
Осындай шаруа күткен шақта тазалыққа ортақтасуға шақырамын, әркім өз аймағына жауапты екенін білдірсе деймін. Ендеше аталарымыз бала-немересін, аналарымыз келін-қызын үгіттеп, қоқыс шығартып, ағаш егіп, қоғамдағы озық орнымызды, үлкендік төбемізді көрсетейік!
Кент тұрғыны көшесін, ауылдағы ағайын айналасын тазартса, бұл ынтымағымыздың белгісі, береке-бірлігіміздің бастауы болар еді. Енді өзімізге өзіміз өнеге, сөзімізге ісіміз себепші болсын деген қауымның қолдауын күтемін, ағайын!


Руслан Рүстемовтің әлеуметтік желідегі жазбасынан
19 ақпан 2021 ж. 874 0