№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бір күнде төрт әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

Бір күнде төрт әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-бөлігімен және 73-2-бабы 1-1бөлігі бойынша келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес бірінші және екінші іс бойынша азаматтар Ж., У. өздерінің пәтерлерінде жұбайларын ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқандарын, бірақ денсаулықтарына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған әрекетті жасаған.
Сондай-ақ үшінші іс бойынша азамат А. «Sinoil» жанар-жағармай құю бекетінің ішінде жәбірленуші Т-ға тән ауруына ұшыратқанын, ал төртінші іс бойынша азамат Б. үйінде жәбірленуші Б-қа тән ауруына ұшыратқанын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзгеде күш қолдану әрекеттерiн жасаған.
Бұл әкімшілік істерді қарау барысында судья құқық бұзушыларға жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалар Ж., У және А., Б. өз кінәларын мойындап, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуға ниет білдірді.
Нәтижесінде, төрт істің де сот өндірісі сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
15 желтоқсан 2020 ж. 397 0