№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқық бұзушылық туралы

Құқық бұзушылық туралы



         Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен және 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
         Іс құжаттарына сәйкес бірінші іс бойынша азамат
А., өзінің анасы А., сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, үй заттарын бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған.
         Сотта екінші іс бойынша азамат Т., Жаңақорған кенті, Жаппасбаев көшесі номері жоқ мекен жайға барып үй ішінде көршісі жәбірленуші Н., қатысты тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерін жасаған.
         Сондай-ақ, үшінші кезекте азаматша С., Жаңақорған ауданы, Шалхия кентінде  ойнап жүрген жерінен кәмелетке толмаған Е., тән ауруына ұшыратып, ұрып соғып, денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.
         Бұл әкімшілік істерді қарау барысында судья құқық бұзушыларға жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалар А, Т және С., өз кінәларын мойындап, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті.
         Нәтижесінде, үш  істің де сот өндірісі сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.
                                                       Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
14 маусым 2019 ж. 870 0