№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Өзінің әйелін ұрып соққаны үшін жауапқа тартылды

Өзінің әйелін ұрып соққаны үшін жауапқа тартылды


Жаңақорған аудандық сотында 01 ақпан 2018 жылы  азамат С-қа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.
  Құқық бұзушы С Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Қожанов көшесінде орналасқан үйде әйелі У-ға  ұрып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.
   Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, жәбірленушінің арызы мен түсінігімен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденіп бекітілді.
  Соттың қаулысымен құқық бұзушы С жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.
           Жаңақорған аудандық сотының бас маманы Б.Қалдыбаев.
09 ақпан 2018 ж. 1 276 0