№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды






Жаңақорған аудандық сотында азамат Ш. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.
         Құқық бұзушы Ш., Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, Аралбаев көшесінде орналасқан үйде өзінің құдашасы С., тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян әкеп соқпаған күш қолдану әрекеттерін жасаған.
         Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, жәбірленушінің арызы мен түсінігімен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелденіп бекітілді.
         Соттың қаулысымен құқық бұзушы Ш., жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.
                                                   Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
14 маусым 2019 ж. 974 0