№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаздар есірткіге қарсы

Ұстаздар есірткіге қарсы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы
Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баетова Бибинур Зайырхановнаның шығармашылығын ұсынамыз.

Есірткіге жол жоқ!  Бүгінгі күні жалпы қоғамның  негізгі басты мәселелерінің бірі – есірткі. Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі.Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алыпарнайы құжаттармен бекітілген.«1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар  Ұйымының құзырына көшкен», деген мәліметтерді таптым.  Жалпы нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады екен. Себебі бұл жерде жасөспірімдердің білімсіздігі: яғни есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл желпі қарауы; қызығушылығы: қызығушылықтың туындауыа БАҚ себеп боладыдей аламын; ойынсауық орындары; жаман достардың қысым жасауы; әуестік«бір рет көрейін, сосын тастаймын” деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады екен. Сонымен қатар «Есірткі шеккен адамның мінезқұлқы да өзгереді, 
есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды. Есірткінің организмге тигізетін әсері. Есірткі заттар ми және орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян келтіреді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай қауіпті мінез-құлық пен әрекеттерден айрылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.– Ас қорыту жүйесінің бұзылуы;– Бауыр және бүйрек аурулары;– Көз көруінің нашарлауы;– Тыныс алу жүйесінің өзгерістері; Қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена.Есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады»,-деген мәліметтерді де оқи отыра, ұсынып отырмын.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы;
-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағытүсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;

-алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы;
-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.
 Көбіне нашарқор адамдар -олар өмірге деген ынталары төмен, ештеңе ойламайтын, алдына ешқандай мақсат қоймайтын, кезкелген қиындықтан оңай жеңіле салатын болып келеді. 
Олар соңында өздерінің денсаулығынан, отбасынан және достарынан, оқуы-
нан, үйінен, тіпті өмірінен де айырылады. Сондықтан әр жасөспірімге

 «Есітркі-құрдымға апаратын жол» екенін есіңнен шығармағаның абзал, дегім келеді.         
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
# наконкурсУПДДПКЗО                                                                                                  
26 қараша 2020 ж. 573 0