№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құтыру – қауіпті ауру

Құтыру – қауіпті ауру


Құтыру – ит пен мысықтың, жабайы аңдар мен үй жануарларының тістеуінен болатын,жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуы мен сипатталып, өлім –жітімге әкеп соқтыратын аса қауіпті вирусты жұқпа.


Ауданда 2020 жылдың 9 айында ветеринария мамандарымен құтырма ауруына күдікті деп тексерген 2 иттің бас миынан құтыру ауруының қоздырғышы анықталған.
Жаңақорған ауданы бойынша 9 ай ішінде 146 тұрғын әр түрлі жануардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.
Жарақат салған әр түрлі жануар­ларды түріне қарай бөлгенде: 95 пайызы иттен жарақат алғандар (139 жағдай), 1,3 пайызы мысықтан жа­рақат алғандар (2 жағдай), 0,6 пайыздан қарсақ, шибөрі, есек, мүйізді ірі қара, жылқыдан (1 жағдайдан) жарақаттағандар есепке алынды.
Әр түрлі жануардан жарақат­танғандарға кестеге сәйкес құтыруға қарсы антирабикалық вакцинамен порофилактикалық екпе жасалынды.
Ауданда қаңғыбас иттерді аулау бригадасы жұмыс істейді. Аудандық ветиринария мамандарының мәліметі бойынша 2020 жылдың 9 айында 1256 бас ит, 43 бас мысық ауланып, жойылған.
Құтыру ауруының жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылуы мүмкін, әдетте 2-3 апта аралығындай болады.Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында байланысты.
Құтыру ауруының белгілері – әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы және құсу.Тістеген жердің терісі қызарып, ауыра бастайды. Одан әрі науқаста әлсіздік, күйгелектік, тітіркенушілік, жабыр­қаушылық пайда болады да, көретін, иіс сезетін сұмдық елес­термен ұласады, одан әрі судан қорқу ұстамасымен жалғасады.
Қараусыз жануарлардан ғана емес, аулада ұсталатын жануарлар арасында да адамдарға құтыру ауруын жұқтыру қауіпі төнеді. Сондықтан, жануарлардың иелері қолдарына ұстап отырған жануарларына вете­ринарлық мамандарымен құты­руға қарсы дер кезінде екпе салдыру қажет.
Тұрғындар арасында құтырма ау­руының алдын алу мақсатында ит пен мысық иелерінің олардың денсаулығы туралы, екпе алған­дығы туралы құжаттарының болуы, адамдарды тістеген жағдайда емха­наларда анти­рабикалық екпе­лерді алуы және ветеринарлық клиникадан жануардың денсаулығы туралы анықтама алуы қажет.
23 қараша 2020 ж. 676 0