№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ветеринариядағы өзгерістер

Ветеринариядағы өзгерістер


2019 жылдың 28 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Онда «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Яғни ветеринария саласы бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың құзырына бірнеше функциялар жүктелді. Соны жік-жіктеп тарқату үшін аудандық «Ветеринариялық станция» басшысы Марат Қазыбаевты сөзге тарттық.


Қызылорда облысының ветеринария басқармасының «Жанақорған аудан­дық ветеринариялық станциясы» ша­руа­­шылық жүргізу құқығындағы ком­муналдық мемлекеттік кәсіп­ор­ны­­ның функционалдық міндеті – жергілікті жерде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау. Яғни, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті жұқпалы 12 түрлі және энзоотиялық 6 түрлі ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары жыл бойына жоспарға сәйкес тегін жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар малына сырға салдырып, ветеринариялық төлқұжат жасату қажет. Сонымен қатар алдағы уақытта жұқпалы емес ауруларды емдеу үшін және ине шаншу жұмыстарына ақылы қызмет көрсететін болады.
– Бұл 12 ауру түріне аусыл, лептос­пироз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, қарасан, оба, туберкулез, күл, энтеротоксемия, құтыру, эхинноккоз жатады. Ал энзоотиялық ауру­лардың тобында: пираплазмоз, тейлериоз, фасциолез, гастрофилез, сақау, трипанасомоз бар. Вакцина бізде есепте бар, мал басына ғана тегін екенін халық ескеру керек. Егу жұмыстарының жүргізілуіне келетін болсақ ауылдық округтерде ветеринариялық пункттер бар, ондағы меңгерушілер қарамағында кемі 2 маман жұмыс жасайды. Әр вакцинаны егу барысында интервалы сақталады. Қазіргі уақытта тейлериоз ауруына егу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар ақылы түрде жүргізіетін қызмет түрі де бар. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 28 қазандағы «Ветеринария» саласына енгізген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес, кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсаттама қолға алынды, – дейді Марат Қазыбаев
Басшының сөзіне сүйенсек вакцина егілу мерзімінде жеке және заңды тұлғалар мына жайды ескергені жөн. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабы Жеке және заңды тұлғалар жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерiн ескеру. Аудан көлемінде ветеринар маман­дар ветеринариялық іс-шаралар жүргізу барысында оларға қолкөмек көрсету міндеттеледі. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын (қан алуға) қамта­масыз ету үшін кент, ауылдық округ­тердегі ветеринар дәрігердің хабарламасын назарсыз қалдырмай, ауыл шаруашылығы жануарларын оның ішінде ірі малдарды екпе жасау үшін мамандарға қолайлы жағдай туғызып, бірлесе жұмыс жасауы қажет. Бұл мал саулығын, жан саулығына теңеген әр тұрғын үшін қолайлы болары анық.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті атрибуттар (сырға, ветеринариялық төлқұжат) 2014 жылдан бастап ақысыз тегін беріледі екен. Аудандағы бірдейлендіру жайына сала маманы арнайы тоқталып өтті.
– Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті құлақ жапсырмалары 2020 жылға жоспарға сәйкес сұраныс берілді. Үстіміздегі жылдың басынан бүгінге дейін жоспар бойынша 5 мың бас МІҚ, 17 мың бас уақ мал төлдері сырғаланып, дерекқор базасына енгізілді. Жылқы малы таңба басу мен чип салу арқылы бірдейлендіріледі. Чип салу мал иесінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Мал төлдеген соң 7 күннен бастап сырғалану жүргізіледі. Ол үшін иесі малы төлдегені жөнінде мамандарды хабардар етіп отыруы қажет.
Бүгінгі таңда дерекқор базасында 65 533 бас МІҚ, 224 539 бас уақ мал, 17 680 бас жылқы, 1 474 бас түйе тіркелген, – деді сөз соңында бөлім басшысы.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында келесі жылдан бастап қағаз түріндегі ветеринариялық төлқұжат жойылып, мал жайлы мәліметтер тек дерекқор базасында сақталатынын сала мамандары мәлімдеді.

Майра ҒАНИЕВА
18 наурыз 2020 ж. 1 338 0