№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құтырма ауруы аса қауіпті дерт

Құтырма ауруы аса қауіпті дерт


Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ.
Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам көз жұмады. Құтырма ауруымен ауырған 55 мың адамның 99% жұқтыру көздері иттер.

Соңғы 3 жылда елімізде 15 адам құтырмамен ауырып қайтыс болды, оның ішінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында 1 (6,7%) адамнан қайтыс болса, Жамбыл, Қызылорда облыстарында – 2 (13,3%) адамнан, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – 7 (46,7%) адам қайтыс болды.
Құтырма ауруымен ауырған 15 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі бала – 4 (26,7%).
Айта кетерлік жайт, үй және жабайы жануарлардан жарақат алғаннан кейін адамдар дәрігерлік көмекке жүгінбеген, тістелгені жайлы ешкімге айтпаған. Құтырма ауруы әдетте үй жануарларынан (ит, мысық) жұғадыжәне соңғы 3 жылда жануарлардың бұл категориясы барлық жұқтыру көзінің 80,0% құрады. Бұл, белгілі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуімен, оларды ұстау ережесінің сақталмауымен және қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізуімен байланысты болып отыр.
Жабайы жануарлар арасында құтырма ауруын адамдарға жұқтырудың негізгі көзі түлкі мен қасқыр болады, олардың үлес салмағы 20,0% құрайды.
Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде 1 жылдан аса мезгілде байқалады, көбіне 20- 60 күннің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады.
Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды таратушылар жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру жұқтырады. Соңғы 3 жылда қайғылы жағдайлардың негізгі себептері құтырған үй және жабайы жануарларының тістеуінен орын алған. Сондықтан ит, мысық тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ.
Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез келген уақытында кездеседі.
Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабілетінен айырылып, өте қиналып өледі. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия», немесе «судан қорқу» деп те атайды.
Адамдар құтырмамен, осы аурумен ауырған аңның (қасқыр, түлкі, ит, қарсақ, мысық т.б.) тістеуінің салдарынан, немесе ондай жануарлардың сілекейі адамның жарақаттанған терісімен жанасып, оның жарасына кірген жағдайда ғана ауырады. Жоғарыда көрсетілген аңдардың ішінде бұл аурудың вирусын сақтайтын негізгі аңдар – қасқыр мен ит болып саналады.
Құтырмамен ауырған аңдар мен жануарлардың мінез – құлқы, жүріс - тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылықтар пайда болады: мысалы, ит себепсіз үріп, немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін - өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды: ағашты, тасты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді. Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тікелей жүріп, жолдағы кездескен аңдар мен адамдарды алдын ала ырылдамай – ақ, бірден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейінгі 5 – ші немесе, 6 - шы күні өледі.
Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмектің (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алу үшін тигізетін себебі мол. Құтырмамен негізінен антирабиялық көмек алмағандар, болмаса оны толық көлемде алмағандар ғана ауырады. Жыл сайын осы аурудан өлгендердің саны 2 мен 14 арасында болып отыр.

Жаңақорған Ткқскб басқармасы
14 тамыз 2020 ж. 715 0