№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Экологиялық мәдениет – тазалық негізі

Экологиялық мәдениет – тазалық негізі


Төл газеттің №79 нөмірінде Жаңақорған кентінің «Тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылауға, көмуге және жоюға арналған полигонның «Алдын ала қоршаған ортаға әсерін бағалау» жобасы, және «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС-нің «Тастақ-1 саздақ кен орнының» қоршаған ортаға әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау болатыны хабарланған еді. «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстары орталығында қоғамдық тыңдауға кенттегі көше комитеттерінің төрағалары қатысты. Қызылорда облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Аружан Жолдасбекова арнайы келді.


Кент әкімдігінің бас маманы Алма Мамырова қоғамдық тыңдауды жүргізді. Күн тәртібіне сай Жанғали Үртеков хабарлама жасап, жобаның мақсаты туралы толық мағлұмат берді.
– Жаһандағы ең өзекті мәселе – тазалық мәселесі айналды. Озық елдер экологияны жақсартуға мән беруде. Әсіресе табиғи процесте ұзақ жылдар бойы жойылмайтын қатты заттарды (полиэтилен пакеттер, памперс, сусындардың құтылары және т.б) далаға бей-берекет тастамауды талап етуде. Бұл мәселе біздің ауданнан да айналып өтпеді, – деді хабарламашы.
Кент басшыларының «күл-қоқыс және тұрмыстық қатты заттарды төгуге болады» деп рұхсат берген Ордакенттегі карьері тұрғындар мүдесінен шықпайды.
Біріншіден, карьер қоршалмаған, ішінде ауыл малы өріп жүреді. Өйткені кентте арнайы мал бағуға бақташы жоқ. Күл-қоқыспен бірге тасталған заттар арасында малдар жейтін түрлі заттар да бар. Атап айтқанда күл-қоқыспен бірге ас қалдықтары да келеді.
Екіншіден, күл-қоқысты көміп, жерді тазалаумен айналысу өз дәрежесінде емес. Сондықтан жаңа полигон салу үшін арнайы жер таңдау маңызды.
Ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жаңа полигонның орны Саяжайдың №10 көшесінің аяқ жағынан 1880 метр солтүсік-батысынан таңдалды.
– Жобада кездейсоқ немесе басқа да бір жағдайға байланысты полигондағы қалдық, қоқыстарды өртеген жағдайда оның иісі мен түтіні кентке әсер етпейтін ету басты назарға алынды. Полигон аумағы қоршалып, қағаз бен полиэтилен целлофан қалдықтарын алуға, айналаға ұшып кетпейтіндей жағдай жасау көзделген. Бұл полигон кент тұрғындарының денсаулығы мен өміріне айтарлықтай зиян келтірмейтіндігін мәлімдеймін, – деді Жанғали Тілеубергенұлы.
Одан кейін кент тұрғындары Махмұт Оразұлы, Болатбек Мырзабеков, көше комитетінің төрағасы Жеңіс Жақыпов пен Үмбет Абибуллаев, «Нұр-Шах» ЖШС төрағасы Нұрлан Садуақасаов тазалыққа байланысты пікірлерін жеткізді.
– Тұрмыс қалдықтары көп шығатын полигонға жақын маңнан қалдықтарды пресстеп, буып, дайын өнімдерді сақтайтын ғимарат салуға рұхсат ала алмай жүрмін. Бұл мәселе жөнінде аудан басшылары да хабардар. Мұның өзі біздің жұмысымызға айтарлықтай кері әсерін тигізеді, – деді кәсіпкер.
Қоғамдық тыңдау барысында жиынға қатысушылар кәсіпкер-эколог Жанғали Үртековтың жаңа жер таңдауға байланысты жобасын қолдады.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
23 қараша 2020 ж. 988 0