№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛДІ

  Аудан аумағында кен барлау, кен өндіру орындарында өндірістік қалдықтарды жою, ол аумақты тазалау жұмыстары жөнінде қоғамдық тыңдау тұрақты өткізіліп келеді.
   Аптаның алғашқы күні «Ордакент» ар­дагерлер және жастар ресурстық орта­лығында «Хорасан–U» БК» ЖШС-ның ҚР Қызылорда облысы Жаңақорған ауда­нындағы Солтүстік Қорасан кен орнындағы Қорасан-1 учаскесін өнеркәсіптік өндіру» жобасына №2 толықтырулары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі С.Ыдырысов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Ильясов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, «Два Кей» ЖШС директорының орынбасары И.Мас­лова, осы серіктестіктің жетекші маманы П.Слепцов қатысты.
Сондай-ақ, аға конструктор В.Купцов, эколог А.Жұмажанов, «Хорасан-1» ке­ніш директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары А.Нетбаев және сала мамандары мен үкіметтік емес ұйым басшылары қатысты.
Жиынның басты мақсаты – «Солтүстік Қорасан кен орнындағы Қорасан-1 учас­кесін өнеркәсіптік өндіру» жобасына №2 толықтыру және қоршаған ортаға тигізер әсерді бағалау бөлімін қарастыру жоспарланған. Осыған орай ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 07.05.2007 ж. №135-ө бұйрығы негізінде бірнеше рет қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бұл жөнінде жергілікті билікпен тыңдау өткізілетін күн мен орын оған БАҚ өкілдрін қатыстыру жөнінде келісіліп, баспасөз бетіне жарияланды.
Кен орнында жұмысшыларға толық жағдай жасалған. Заман талабына сай ке­летін вахталық кенті бар, асханада үш мезгіл сапалы да калориялы тамақ беріледі. Серіктестік ашылғалы бері осы уақытқа дейін өзіне қажетті мамандарды даярлаумен, өндірістік базаны нығайтумен шұғылданып келеміз. Компания тек өзінің ішкі шаруашылығына ғана көңіл бөліп қоймай ауданның да әлеуметтік хал ахуалын жақсарту мақсатында қаржы аударып отырады.
Бұл туралы басшылық хабарламасынан соң жиынға келген сала мамандары сөз алып, экологиялық кодекстегі соңғы өзгер­тулер жөнінде жан-жақты әңгіме қозғады.
– Біз бұрынғы кодекске сәйкес өзіміздің атқаратын жұмыстарымызды толық аяқтағаннан кейін ол жерлердегі құрылыстар мен коммуникациялар толық жойылып, тазартылатын. Оны бейбіт халықтың пайдалануына рұқсат етілмейтін. Ал мына кодекс бойынша барлық жұ­мыстар аяқталғаннан соң, зиянды өнім шығарған немесе дайын өнімдер сақталған орындардан өзге түрлі халыққа зиян­сыз құрылыстар мен ғимараттар, жолдар мен ауыз су, электрификация коммуникацияларын жергілікті биліктің құзырына беру қаралған, – деген сала мамандары біраз жайды мәлім етті. Қоғам­дық тыңдауға келіп отырған компания мен серіктестік мамандары өз сөздерінен кейін залдан берілген сауалдарға нақты да дәйекті жауап қайтарды. Тыңдауды С.Ыдырысов қорыт-ты.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
03 қараша 2018 ж. 921 0