№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Экологиялық мәселе алаңдатпайтыны өкінішті

Экологиялық мәселе алаңдатпайтыны өкінішті


Әлемдегі ең өзекті мәселе не? Халықаралық ұйымдар тазалықты бірінші орынға қоя бастады. Себебі, өндіріс орындары мен химиялық заттар қоршаған ортаға зиянын тигізе бастады. Бес-алты жылда жаһан жұрты экологиялық проблемамен күресуге бет алады. Ал озық елдер табиғи тепе-теңдікті сақтауға басымдық беруде. Біз де ше?


Белгілі дәрігер Сәулебек Ысқақов: «Памперстің бойына жиналған зәрден улы заттар бөлінеді. Осылайша памперс­тен қоршаған ортаға зиян келуде. Олар­ды жинап, арнайы өртейтін орында өртеу қажет. Себебі, памперс тек жоғары температурада өртенеді», дегенді алға тартты.
Иә бір реттік жаялықтың зияны тым көп. Себебі, оны дайындағанда цел­люлоза, трибутилен, полипропилен, натрий полиакрилаты, кремний оксиді секіл­ді химиялық заттар және полиэтилен, резеңке және хош иістендіргіштер де қосылады. Күннің ашық көзі түсуінің нәтижесінде химиялық реакциялар жүріп, ауаны ластайды.
Тоғайға, тауға, өзенге, көлге барсаңыз шашылып жатқан полиэтилен пакеттер, шыны ыдыстар мен памперстерді көресіз.
Табиғи процеспен жойылуға жүздеген жылдар кететін тұрмыстық қалдықтар ен даланы экологиялық дағдарысқа ұшыратуда. Алайда бізді экологиялық мәселе алаңдатпайды. Ең өкініштісі осы...
Даланы шашылған қоқыстан арыл­тудың бірден-бір жолы – қайта өңдеуді жолға қою. Бізде оның ауылы алыстау секілді. Мәселен, Еуропа елдерінде тұрмыстық қатты заттардың 40-70 проценті сұрыптау және өңдеу арқылы шешіледі. Яғни кәдеге жаратылады. Салыстырмалы түрде алсақ Қазақстанда тұрмыстық қалдықтың 3 проценті ғана өңдеуге жіберіледі.
Тазалықты сақтауда шетел тәжірибесі қандай? Сингапурде көшенi ластау қылмыс саналады. Егер абайсызда түкiрсеңіз немесе тамақ қалдығын лақтырып жiберсеңiз үлкен мөлшерде айыппұл төлейсiз. 100 доллардан 1000 доллар аралығында. Көліктің дөңгелегі кір болса, 500 доллар төлеуге міндеттісіз. Тазалық мәдениеті сақталған елдің қатарында Германия да бар. Онда тазалықты таңнан қара кешке дейін комис­сарлар қадағалайды. Ережеге бағынбайтындарға заң қатал. Бұл елде әрбір қадам сайын арнайы қоқыс жәшіктері қойылған. Темекіге, бөтелкеге, сағыз, шемішкеге арналған ыдыстар бар. Француздар да тазалыққа бейжай қарамайды. Айналаны ластаса 1500 еуро айып төлеуіңіз мүмкін. Жапонияда қоқысты: шыны, жанатын, қайта өңдеуге жарайтын, жанбайтын деп бөліп, арнайы ыдыстарға салады. Әрбір жапондықты мектеп жасынан тазалық мәдениетіне үйретеді.
Міне, әлем елдері тазалыққа осылай жіті көңіл бөледі. Егер дамып, озық отыздыққа енеміз десек, алдымен тұрғын­дардың санасына тазалық мәде­ниетін сіңіргеніміз абзал...
Қазір жер-жерде тазалық акциялары ұйымдастырылуда. Мақсат – өзен-көлдер мен олардың аумағын тұрмыстық қалдық заттардан тазартып, тұрғындарды тазалыққа шақыру.
Расында экологиялық тазалық негізгі проблемаға айналды.
Жалпы экологиялық дағдарыстан тұщы су қоры ластанған, таза ауасы былғанған, табиғи азық-түлігі тапшы адамзатты елестетуге болады. Оның салдарынан жердегі тіршіліктің тоқтауы мүмкін ғой.
Аудан әкімінің бастамасымен Жаңа­қорған кенті екі бөлікке бөлініп, тазалау және арнайы қаптарға салынған тұрмыстық қатты заттарты тасу жолға қойылды. Тұрған жеріміздің тазалығы үшін жұмысқа дем беріп, қолдайды деген пікірдеміз.
Біз осыны ойлайық, қадірлі ағайын!

Нұрлан Садуақасов,
«Нұршах» жеке кәсіпорнының басшысы
04 желтоқсан 2019 ж. 822 0