№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » COVID-19: қорғанудың жолы қандай?

COVID-19: қорғанудың жолы қандай?

Коронавирустың екінші толқыны келеді деген болжамды алға ұстаған елдер, әсіресе медицинасы озық мемлекеттер індеттің алдын алудың, емдеу мен қорғанудың жолдарын іздестіруде. Карантиндік режимді енгізіп, тіпті кейбір елдер төтенше жағдай жүйесіне көшуге қамданды. Дертке шалдығып, шипасына ем іздегендерді емдеу ақ халаттылардың қолында. Ал қорғанудың жолы қандай? Біз осы жөнінде жауапты мамандардан сұрап, тағы бір нақтылай түсейік.

ДДҰ-ның кеңесі
Алдымен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықты аурудан сақтау үшін құрған кеңестер тізіміне сәйкес, ережелерді тізбектеуден бастағанды жөн көрдік. Бірінші, қолды жиі сабындап жуу немесе құрамында антисептикпен сүрту. Резеңке қолғаптарда вирус болуы мүмкін. Сондықтан оған сеніп қалмау керек. Екінші, қоғамдық жерлерде басқалардан кемі бір метр ара қашықты сақтауға тиіс екенбіз. Жөтеліп не түшкіріп тұрған науқастан вирус өте кішкентай тамшылар арқылы тарайды. Көз, мұрын мен ауызды ұстамаған жөн, респироторлық гигиена ережелерін сақтау: түшкірген не жөтелген кезде ауыз бен мұрынды шынтақты бүгіп не қағазбен жабу керек. Кейін қолды антисептикпен тазалап, қолданылған қағазды қоқыс жәшігіне тастаған абзал. Дене қызуы көтерілсе, жөтел пайда болып, тыныс жолдары тарылса, дәрігерге қаралыңыз.
Міне, осындай ережелерді енгізген, әрине мұндай әдістерді көбіне жақындарыңыз бен таныстарыңыздан ауру белгілері табылса қолдануға болады. Бәрінен бұрын бетперде тағу міндеттелді. Ең бірінші қорғаныс құралы осы дейді ақ халаттылар. Бұл жөнінде аудандағы жауапты медицина саласының мамандарының кеңесіне жүгініп көрген болатынбыз.
Дәрігерлер
не дейді?
Аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Тілепбаева: «Біртағар бетперде аурудың таралуының 80 пайызының алдын алады. Сондықтан үнемі тағып жүргеніңіз абзал. Ең бастысы өзімізге көңіл бөлгеніміз өте өзекті. Суық тию мен түрлі инфекциялық аурудан сақ болыңыздар. Іш өтіп, не болмаса, басқа да жедел респираторлық ауруға шалдыққан адамдар иммунитетін әлсіретіп алады. Бұл қандай да бір дертті тез жұқтыруға мүмкіндік береді. Коронавирустың клиникалық белгілері әлсіз адамдарда тез жүреді. Сондықтан олар бұл кеселге жарамсыз болып қалуы мүмкін», – деді.
Дәрігерлер күз науқанында суық ауа массасынан балалар тез суықтап қалатынын, сондықтан осы толқын балалар үшін өте қауіпті екенін түсіндірді. Әлеуметтік желіде қауіпті вирустан қорғану жолдары туралы бейнероликтер аудандық аурухананың фейсбуктегі парақшасында күнделікті жүргізіліп келеді. Сыртқа шығып келгенде түгел сабынды сумен шомылып, мұрын қуысты тазалап, үй жайды тазалық сақтау да індетке тосқауыл. Елдегі дәрігерлердің нұсқауымен емделіп, қоғамдық ережеге мән берген абзал.
– Маска тақпау – өз өміріңізді тәуекелге тіккенмен бірдей. Егер маска сатып алуға мүмкіндік болмаса, қолдан жасап алған жөн. Дәкенің арасына фильтр болмаса, оның орнына антивирусты орамалшаларды салып пайдаланса да болады, – деді инфекционист дәрігер Әсел Сейілова.
Маска таққанда ауыз бен мұрын толық жабылып, бетке толық төселуіне мән берген жөн. Егер бет, жақ, мұрын аралығында кішкентай саңлау болса, оны мақтамен қымтап жауып алыңыз. Иненің көзіндей тесіктен кез-келген вирус еркін өте алатынын, өз денсаулығыңызды ғана емес, отбасы мүшелерін түгел заяндайтыныңызды біліп жүріңіз. Міне, осы секілді тиімді ақпараттармен бөлісіп, халықты жаппай қорғану шараларын күшейтіп, сақтық сауаттылықты жоғарылату қажетін айтты.
Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсе­тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшы­сының міндетін уақытша атқарушы Шынар Айдарованың сөзінше, жеңілдетілген карантиндік талап-міндеттерді сақтау арқылы індетті жеңуге болады. Егер талап сақталмаса, індет қайта өршіп кетуі мүмкін. Ауданда күніне 150-200 адамға дейін тест тапсыруға мүмкіндік бар. Қосымша тест пен аппараттарға сұраным парағын ұсынған. Дәрігерлер эпидемиологиялық ахуал басты назарда екенін айтты.
Расында, індетпен күрес, оның алдын алу, қорғану жолы әрбір қазақстандықтың өз қолында. Ол үшін қарапайым қағидаларды ұстаса болғаны. Мәселен, үнемі маска тағып, қолды шайып тұруыңыз тиіс. Мейлінше адам көп шоғырланатын жерлерде және жиын-тойларға бармай, өзін-өзі оқшаулауға міндетті. Президент айтқандай бұл уақытша құбылыс, оны еңсеруге біздің күш-жігеріміз жетеді. Ең бастысы, тәртіпке бағынып, үлкендеріміз үйде болғаны абзалырақ болар еді.
Бір сәт әлем елдеріне назар салып көрейік, қазір дүниежүзінің көптеген елдері карантин жүйесінде келеді. Біздің Қазақстанда солардың қатарында. Індетті жеңудің жолын тапқан Дания, Норвегия, Беларуссия індетті жеңудің жолын тапты. Ол әркім өз денсаулығына өзі жауап беруі тиіс. Яғни сақтық шараларына баса назар аударып, әрбір тұрғын өзін-өзі жауап берді. Фин елі де осы әдісті қолданды, төтенше жағдай енгізбесе де, тәртіпке тік тұрып, індетті жеңе білді. Билік халықты қолдап, ем-домынан бөлек, әлеуеметтік деңгейін қамтамасыз етіп отырды.
Қорытаайтқанда, пандемияданқорғанудыңеңтиімдіжолыөз-өзімізгеесепберу. Яғниөзденсаулығымызөзқолымыздақағидатынберікұстанғанжөн, қалғаныуақытеншісінде...
Әлібек ТЕМІРБЕК
01 қараша 2020 ж. 423 0