№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » COVID-19: ықтимал толқынға дайынбыз ба?

COVID-19: ықтимал толқынға дайынбыз ба?

Коронавирусқа ақша да, лауазым да, бедел де ара түсе алмайтынын көрдік. Тек сақтанғаннан айналып өтіп, сақтанбағанды қармағына ілгені кеше ғана. Жақындарымыздың соңғы сапарына топырақ сала алмай қиналғанымызды әлі ұмыта қойған жоқпыз. Осыдан сабақ алу өте маңызды. Себебі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сенсек, коронавирустың ықтимал екінші толқыны болуы мүмкін. Біз осыған қаншалықты дайынбыз? Осының мән-жайын анықтауды мақсат еттік.

Бұған дейін аудан әкімі Руслан Рүстемов COVID-19-ға қарсы шараларына арналған мәжіліс өткізіп:
– Елде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанбайынша босансуға әсте бол­майды. Той-жиынды тыйып, әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек. Қажетті дәрі-дәрмек, меди­циналық аппараттарды әзірлеп, кез-келген жағдайға дайын болу керек, – деген еді.
Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын нығайту үшін ауқымды жұмыс атқарылу үстінде. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі мәсе­ле күнделікті назарға алынған. Аудан әкімінің жетекшілігімен жергілікті жерлерде жедел штаб жұмыс істейді. Бұл бағытта аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қатаң ба­қы­лауда тұр. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шора­баев: «Қазір ауданда COVID-19-дан емдеу хаттамасына енетін бактерияға қарсы препараттар мен антикоагулянт, кортикостероид секілді 5 түрлі дәрі-дәрмектің 200 науқасқа 2 айға жеткілікті қоры бар. Дәрігерлер мен мейірбилер өткеннен жағдайдан сабақ алып, тәжірибесін толықтырды», – деді.
Рас, жаз айында ахуал күрделі жағ­дайда болды. Асқынған індеттің азабы жұрт жанын жегідей жеді. Ол өлім-жітімге ұласты, халық мұңлы күй кешті. Одан бергі бірнеше айда ауыр ахуал басылып, ел ес жиды. Қауырт шақта халыққа жәрдем беріп, қауіпті аймақта қызмет еткен 43 медицина қызметкеріне мемлекеттік қолдау берілді. Кәсібилігі мен қайсарлығын көрсетіп, бар уақытын елдің денсаулығын нығайтуға жұмсап, өздері де індет жұқтырған медицина мамандары 2 млн. теңге көлемінде қаржылай біржолғы әлеуметтік төлемақы алды. Соның бірі жұқпалы ауру­лар бөлімінің мейірағасы Нұрдос Табынбай: «Жұмысқа орналасқаныма бір жыл ғана болса да, емдеу ісіне араласуды жөн көрдім. Қиын сәтте ха­лыққа көмек жасай алғаныма, әрі тәжірибе жинақтағаныма ризамын. Ал, қаржылай қолдау бүкіл қиындығыңды бір сәт ұмыттырғанымен, уақытыңды қайтарып бере алмайды. Бұл да болса әлеуметтік жағдайды түзеуге көмек», – дейді.
Аудандық аурухана қызметкерлері мемлекеттік қолдауға қол жеткізгеніне дән риза. Ендігі жерде ықтималдығы жоғары екінші толқынға әзірлікті күшейткен. Қажетті құралдарын сақа­дай сай етіп, қорғанысқа кіріскен. Қауіп­ті кезеңде қалай сақтану керектігін пациент­теріне түсіндіріп, үнемі бетперде тағып жүруді ескертеді. Аурухананың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Тілепбаева: «Біртағар бетперде аурудың таралуының 80 пайызының алдын алады. Сондықтан біріміз бар­шамызға, баршамыз бірімізге көңіл бөлгеніміз өте өзекті. Суық тию мен түрлі инфекциялық аурудан сақ болыңыздар. Іш өтіп, не болмаса, басқа да жедел респираторлық ауруға шалдыққан адам­дар иммунитетін әлсіретіп алады. Бұл қандай да бір дертті тез жұқтыруға мүмкіндік береді. Коронавирустың клиникалық белгілері әлсіз адамдарда тез жүреді. Сондықтан олар бұл кеселге жарамсыз болып қалуы мүмкін», – деді.
Дәрігерлер күз науқанында суық ауа массасынан балалар тез суықтап қалатынын, сондықтан осы толқын балалар үшін өте қауіпті екенін түсіндірді. Әлеуметтік желіде қауіпті вирустан қорғану жолдары туралы бейнероликтер аудандық аурухананың фейсбуктегі парақшасында күнделікті жүргізіліп келеді.
Коронавирустың алдын алу шарасы күшейтіліп, 21 мобильдік топ құрылған. Олар сақадай сай дайын. Аудандық аурухана, стационарда науқасты төсекпен толық қамтамасыз етудің алғы­шарты жасалған. Демеушілер есебінен гуманитарлық көмек арқылы 2 дана ИВЛ аппараты, 54 дана оттегі концентраты, 10 дана пульсоксиметр, 1 дана МАК жылжымалы рентген құрылғысы және 1 жедел жәрдем көлігі табысталды. Ел Президенті тап­сырғандай, ендігі кезекте тест сына­масын дәйекті жүргізудің талабы тұр. Бұл бағытта күніне ауданда 60-70 адам тест тапсырып отыр. Бұл туралы Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқа­рушы Шынар Айдарованың сөзінше, жеңілдетілген карантиндік талап-міндеттерді сақтау арқылы індетті жеңуге болады. Егер талап сақталмаса, індет қайта өршіп кетуі мүмкін. Ауданда күніне 150-200 адамға дейін тест тапсыруға мүмікндік бар. Қосымша тест пен аппараттарға сұраным парағын ұсынған. Дәрігерлер эпидемиологиялық ахуал басты назарда екенін айтты.

Мақпал МАРҚАБАЙ
24 қазан 2020 ж. 506 0