№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АСТАНА» ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ: ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

«АСТАНА» ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ: ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ


«Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады. Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) негізгі міндеттерінің бірі. Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технология­ларын қолданатын өңірлік хабқа айналуы тиіс». Бұл – Елбасының кешегі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан үзінді.
Иә, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елорда төрінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бас­тады. Бұл қаржы орталығы тәуелсіз қаржылық соты мен ағылшын құқығы қағидаттарына және жеңілдетілген салық режиміне сәйкес құрылған. Президент пәрменіне сай, келешекте халықаралық және аймақтық бизнес хабқа айналады. Заманауи инфрақұрылым мен озық технологияларды пайдалануды көздейтін қаржы орталығы «Экспо-2017» аумағында орналасқан. Оған қоса, бүгінгі күннің өзінде шетелден көптеген инвестициялық, брокерлік компаниялары мен қаржы-банк институттары «Астана» қаржы орталығында өз өкілдіктерін ашуға ниетті. Жақында ғана «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов компания жанынан әлемнің екі бірдей ірі қаржы биржасымен тығыз байланыс орнататынын мәлімдеді. Яғни, олар «Nasdaq» америкалық жоғары технологиялық биржасы мен біздің биржамыздың ірі серіктесі және тең акционері Шанхай қаржы биржасы қоғамдастығы.
Жалпы, қаржы институты ел экономикасының құнды қағаздар секторына тың серпін беріп, қор биржасының көрігін қыздыруға қауқары жетеді. Себебі, әлемдік тәжірибелер әбден сарапталып, Дубай моделі таңдап алынды. Десе де, «Астана» қаржы орталығы Қазақстан экономикасына қандай серпіліс береді деген сауалға жауап іздеп көрелік.
Біріншіден, елдегі инвестициялық климатты оңтайландырып, шетелдік қаржы құралдарын тарту көзделген. Жекешелендіру аясында «Самұрық-Қазына» ӘАҚ иелік ететін отандық бірқатар ірі компанияларды тікелей және ІРО мен SPO аясында халықаралық қор нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Оффшорлық аймақ. Ресейлік сарапшылардың айтуынша, «Астана» қаржы орталығы ресейлік компания­лар салықтан жалтару мақсатында Астана оффшорлық аймағына ағылуы мүмкін деген болжамын айтқан. Әрине, бұл өз кезегінде «Астана» ресейлік компания активтерінің іскерлік алаңына айналуы мүмкін деген сөз. Дейтұрғанмен, бұл қаржы институтын оффшор деп айтуға болмайды. Сондықтанда оффшор дегеннен гөрі белгілі бір деңгейде жеңілдіктер ұсынатын алаң деп атаған орынды.
Үшіншіден, өздеріңізге белгілі 2011 жылы Ресей Үкіметі бас­тамасымен «Мәскеу қаржы орталығын» өңірлік деңгейден халықаралық дәрежедегі орталыққа көтеріп, жұмысын бастады. Алайда Батыспен арадағы санкция саяси текетіреске ұласып, бүгінгі таңда «Мәскеу қаржы орталығы» жергілікті орта және ұсақ кәсіпорындардың кеңсесі қызметін атқаруда. Ендігі кезекте, «Астана» қаржы орталығы «Мәскеу қаржы орталығының» орнын басады деген салмақты сенім бар. Өйткені, біздің қаржы институты халықаралық қаржы ұйымдары үшін 180 млн. нарыққа ие Еуразиялық Одақпен қатар, ТМД елдерінің экономикасына ашылатын даңғыл жол болмақ.
Осы ретте, сарапшылар да қаржы институты маңызды бас­тама екенін сөз етуде.
Астана халықаралық қаржы орталығы және Халықаралық арбитаж орталығының сот тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт: «Бұған дейін Ұлыбритания Жоғары сотында жұмыс жасап және Катар қаржы орталығының негізін қалауға қатыстым. Ендігі кезекте өзіме жүктелген жаңа міндет бойынша кейс­тер мен активтерді басқаруға жұмыс жасаймын. Болашақта бұл қаржы орталығы әлемдік үздік тоғыздықтың қатарынан көрінуге мүмкіндігі бар. Ол үшін Сингапур, Гонгконг қаржы орталығымен бірлескен оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Сәтін салса, алдағы уақытта халықаралық деңгейде өзіндік жемісін береді деген сенім мол», – деді.
Ал, Астана халықаралық қаржы орталығының Құқықтық-консультативтік кеңес мүшесі, Baker McKenzie компаниясының өкілі Рой Пирс: «Қаржы орталығы – Қазақстанның өз дамуындағы ең негізгі қадамдарының бірі. Мен ең алғаш рет Қазақстанға 90-жылдардың ортасында келгем. Ол кезде жекешелендіру процесі жүріп жатқан еді. Келісімшарттарды түзу үшін ағылшын заңы маңызды рөл ойнаған. Соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстан инвестицияны тартуға ыңғайлы елге айналды. Ал, қазір АХҚО-н құру арқылы Қазақстан өзінің негізгі артықшылығын – геосаяси орналасуын капитализациялай алады. Қазақстан – Қытай мен Ресей нарығына тікелей қол жеткізе алатын ел», – деп қаржы институтының маңызын атады.
Түйіндей айтқанда, келешекте «Астана» халықаралық қаржы орталғы тек Қазақстан үшін ғана емес, Орта Азиядағы активтер мен капиталдарды басқару нарығын дамытуға ықпал етіп, инвестиция тартудың тегеурінді тетігіне айналмақ.

Әбдісамат ӘБДІШ.
13 қаңтар 2018 ж. 2 456 0