Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қысқа дайындықты пысықтау маңызды

Қысқа дайындықты пысықтау маңызды

Жаңақорғанға көгілдір отынның келгеніне де 5 жылға жуықтады. Қатты отыннан құтылып, газды үйге кіргізген тұрғындардың саны 90 проценттен асты. Ендігі мәселе қысқа дайындықты бір пысықтап алу, яғни газ пешін, мұржа мен трубаларынның ақауын анықтап, ертерек жөндеуге кірісу керек. Осындайда кімдерге жүгінеміз, ертең құрылғы, пеш немесе мұржа істен шықса көмекке кім келеді? Біз осы мәселенің басын ашып алуды жөн көрдік.

Облыс орталығынан арнайы мамандар келіп, тексеру жүргізіп жатады. Бірақ қазір көбі сенімді мекеме іздейді. Осы орайда, жаңақорғандықтар «ГазРемМонтаж» ЖШС меке­месімен келісім-шартқа отырып, жұмыс істей бастады. Біз мекеменің Жаңақорған ауданы бойынша өкілі Роза Спатаевамен тілдестік.
– Біздің мақсатымыз – газ жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез-келген газдандыру мәселелері бойынша абоненттерге ілеспе жұмыстар жүргізу. Яғни үйге газ кіргізетін болсаңыз немесе орнатылған газ құрылғыларын тексерістен өткізуге ниетті болған жағдайда бізбен байланысып, келісім-шартқа отыруыңызға болады. Түтін және желдеткіш түтіктердегі тартылыстың болмауы, газ жабдықтарының түтін арна­сымен қосылуының қана­ғат­танар­лықсыз жағдайы, жану үшін ауа ағынының жетіспеуі адам өмірі үшін өте қауіпті, сондықтан мұржаны уақытында күтіп ұстау қыздырғыш газ жабдығының тозуын бол­дырмайды. Сондық­тан сапалы қызметке жүгінгеніңіз дұрыс, – дейді жауапты маман.
Қарапайым тілмен айтқанда, мұржаны тексеріп, шіріген болса ауыстыруға ескерту беріп, қалауы бойынша ауыстырғысы келсе мамандарды жіберіп, жасап беру мекеме құзырында. Тек керек құрал-жабдықтарын тұтынушы өзі дайындайды немесе аталмыш мекемеден төмен бағада сатып алуына мүмкіндігі бар. Екіншіден, егер тапсырыс берсеңіз онда уақытылы жөндеткеніңіз абзал. Өйткені қазір кентте абонент саны 5 мыңнан асып жығылады. Ал мекемеде небәрі 6 ғана слесарь, яғни жұмысшы бар.
– Алдын ала мен көшеге түсіп осы тұтынушылардыңаты-жөнің,  мекен-жайын, адам санын жазып сол үйдін газ жабдықтарын монтаждаудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына сәйкестігін, газ құбырларына және газ жабдықтарына еркін қолжетімділікті тексеріп, ғимараттардың сыртқы және ішкі құрылымдары арқылы газ құбырлары төселген жерлерде сырлау мен бекіту жағдайларының болуын және бүтіндігін, газ жабдықтарының тұтастығы мен толықтығын визуалды тексеріп шығамын, қанша  қандай газ  жабдық бар екенін білу маңызды.
Менін алған  ақпаратым бойынша  слесарь сол мекен жайға  барып жұмыстарын атқа­­рып жүреді, тұтынушыдын уақытын үнемдеу үшін  төлем ақшасын зандастырып  чек басып орындалған жұмыс­тардын актісіне қосып береміз. Төлем қағазы болу міндетті, себебі газ таратушы мекеме осы тұтынушыны тексеру жүргізгенде шарт, жасалған жұмыстын актісі және төлем чек болу тиісті. Келісім шартқа қашан келеді деп күтіп отырмай осы біздін ғимаратқа келіп шартқа отырып, қолма қол төлем жасап үйінде болатын кезін белгілеп тапсырыс беруге болады, – деді ол.
Газ жабдықтарын монтаж­даудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына сәйкестігін тексеру, газ құбырлары мен жабдық­тарына еркін қол жетімділікті және газ құбырлары төселген жерлерде сырлау мен бекіту жағдайлардың бүтіндігне жауап береді. Сондай-ақ газ жаб­дықтарының тұтастығы мен толықтығын, газ құбырларына орнатылған клапандардың өнімділігі мен майлануын тек­серу мекеме құзырында. Бір сөзбен айтқанда, көгілдір отынның даладағы жұмысынан ішке дейінгі толық қызметіне «ГазРемМонтаж» ЖШС толық жауап береді. Тек келісім-шартқа отырып, тиісті күнді белгілесеңіз болды. Тек уақыттан кешікпесеңіз болды.
Осы жерде мердігер міндеті сұралуы мүмкін, яғни жоғары талаптан бөлек. Техникалық қызметті толық мойнына алады дедік. Тұрмыстық тұтыну құрал­дарын жылына бір рет тек­серіп тұрамыз. Коммуналдық қызметтерге арналған жаб­дықтар да жылына бір тексе­ріліп тұрады. Егер істен шықса, қайта шақыруыңызға болады. Ал облыс орталығынан келген мамандардың қайта келуі екі талай екенін айтпаса да түсінікті.
ЕгермекемеұсынғынұсыныстарұнағанболсаондаМ.Көкенов №29 мекен-жайғабарып, «ҚазТрансАймақ» кеңсе­сінің 1 қабатындаорналасқан «ГазРемМонтаж» ЖШСөкіліменжолуғыңызғаболады. Мүмкіндікболсаертерекқамданғаныңыздұрыс. Өйткенікөпұзамайкөгілдіротындыіскеқосатынуақыттакеледі.
15 қыркүйек 2020 ж. 404 0