Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көгілдір отынның қауіпсіздігі

Көгілдір отынның қауіпсіздігі

  Ендігі кезекте аудан орталығындағы көгілдір отынның игілігін көріп отырған тұрғындардың жайына келсек. Жасыратыны жоқ, кентте жылу маусымы басталысымен алғашқы оқыс оқиға орын алды.

19 қазанда Т.Бигелдинов көшесіндегі тұрғын үйде таңғы сағат 09:00 шамасында газдан улану орын алып болып, ауруханаға 5 адам түседі. Дер кезінде медициналық көмек көрсетудің салдарынан жапа шеккендер қатарға қосылды. Десе де, кейіннен белгілі болғандай, табиғи газ пайдаланушының тұрғын үйіне барып тексеру барысында газ пеші тартпай, газдың иісі ішке ұрған, өйткені мұржасы қоқысқа толып бітелген, құстар ұя салған. Сондай-ақ сигнализаторды ажыратып тастағаны белгілі болған.
Әрине бірнеше жыл болды, газ – жаңақорғандықтар үшін жылулық пен жайлылық көзі болып табылады. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Газ қайғылы салдарға әкеп соқтырмас үшін газды қауіпсіз пайдаланудың ережесін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жаңақорған аудандық газ шаруашылығы филиалынан сұрадық. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінде кент орталығында 4800-ден астам абонент бар. Осы орайда, тұтынушылармен тікелей жұмыс жасайтын «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС Жаңақорған аудандық абоненттік бөлімінің менеджері Роза Спатаеваны сөзге тарттық.
– Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз, – деді Роза Спатаева.

Әбдісамат ӘБДІШ
15 желтоқсан 2019 ж. 720 0