№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады». Осы аталы сөз бүгінгі қоғамның келбетіне айнала бастағандай. Алғашқы қоңырау мерекесі қарсаңында мектепке дайындалып жүрген балаларға қуаныш сыйлауға асыққан жандар аз болмады. Бүгінгідей табыс көзі азайған сәтте қолдағы барымен бөлісе білген қамқор азаматтардың мейірімін сөзбен жеткізу де мүмкін емес.
Кентте дәстүрлі шараға айналып, жыл сайын өткізіліп тұратын қайырымдылық шаралары қатарында әр жылғы туылған жастардың қайырымдылық эстафетасын ерекше айтуға болады. Ата-ананың жұбанышы, бар байлығы, өмірінің мәні мен сәні, көңіл шаттығы, көз қуанышы – бала. Сондықтан оларды қуанышқа бөлеу әрбір жанның міндеті. Сол міндетті орындау мақсатында Жаңақорған ауданының 1994 жылғы жастары «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, өз үлестерін қосты. Олар аманат шарасын өзінен кейінгі 1995 жылғы азаматтарға жолдап, жыл сайын дәстүрлі шараны жалғауды мұрат тұтты.
Қайырмдылық эстаферасын 1988 жылы туылған кент жастары бастаған еді. Міне, сол ауқымды шара өз ізін жоғалтпай, 6 жыл бойы абыроймен атқарылып келеді. Биылғы шарада белсенділік көрсеткен Ерлан Бүркітбаев:
– Әрбір азамат өз туған жеріне қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарауға тиіс. Біздің жерлестер осы үрдісті жолға қойып, нағыз елжандылықтың үлгісін көрсетуде. Біздің 1994 жылғы туылған азаматтар қолдан келген көмегін елден аянбай, қиын уақытта қолда барын көппен бөлісіп,мәрттік танытып отыр. Барша достарға, қолдаушыларға алғысым шексіз, – деді.
Осындай дәстүрлі шаралар қатарында «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын атауға болады. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 90 отбасының балаларына 90 дана оқушы сөмкесі мен құрал жабдықтары табысталды. Оқушылар тізімін кенттегі 7 мектептің әлеуметтік мамандары өзі белгілеп берді. Бұл туралы ерікті жас Наржан Молдабеков:
– Қайырымдылық жасау әрбір азаматтың борышы. Бүгінгідей қысылтаяң шақта жұртшылық бар күш жігерін індетті ауыздықтауға жұмыла жұмсап, мамырайжай күнге жетуге ықылас-ниетін білдіруде. Көпшіліктің қолдауының нәтижесінде биыл 90 балаға арналған мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын сатып алып бердік, – деді ол.
Шараның шарапатын көрген көп балалы ана Жәудір Алтынбек: «4 балам мектеп оқушысы. Оларға мектеп құралдарын сатып алу да қомақты қаржы қажет етеді. Менің әлеуметтік жағдайымды ескерген мектеп ұжымы мен қайырымды жандарға алғыс білдіремін, – дейді ардақты ана.
Аудандағы талай балалардың зейінін ашып, заманауи үрдіспен жаңаша білім беруді мақсат еткен «Дарын» оқу орталығының басшысы Құттықыз Қалбергенқызы да өз қайырымдылық шарасын ұсынды. Биылғы оқу жылында 5 балаға тегін оқуға сертификат табыстап, бала көңілді қуантты.
ТҮЙІН. Мемлекет басшысы жаңа оқу жылында жолдаған Жолдауында мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі екенін атап өтті. Осындай имандылық пен руханиятты қолдап, ата дәстүрді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа мейірім дәнін аманаттап, қоғамға нұрлы шуақ шашып, мол сауапқа кенеліп жүрген жандардың қарекеті елді шын сүйсіндірсе керек.
Мақпал МАРҚАБАЙ
02 қыркүйек 2020 ж. 1 044 0