№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Асылжан айына 1 күн тегін шаш қысқартады

Асылжан айына 1 күн тегін шаш қысқартады


2020 жыл – Еріктілер жылы. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, экологиялық, медициналық, тағысын тағы. Еріктілік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке қадам басады.


Біз көп айтатын Еуропада мықты шаштаразшы айына екі-үш мәрте өзінің бір күнін еріктілікке арнайды. Тегін шаш қысқартады. Көлігі бар кісі бір күнін тұрғындарды тегін тасымалдауға арнайды. Орайы келгенде, статистиканы сөйлетіп жіберсек. Францияда халықтың 19 проценті еріктілікпен тұрақты түрде айналысады. Ал Германияда 34 пайызы айына 15 сағатын ерікті болуға арнайды. Ирландияда 33, АҚШ-та 27, Ресей халқының 8 пайызы еріктілікпен айналысады. Бірақ мұндай волонтерлік қызметті сонау Еуропадан іздемесек те болады.
Өйткені «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ерікті жастары жыл басынан бері бірқатар қайырымдылық шараларын өткізді. Күні кеше тағы да бір игі істің басынан табылды. Қордың ерікті мүшесі, «Кеңес Ақпөбе» сән салонында шаштаразшы Асылжан Нұрқожаев айына 1 күнді еріктілікке арнайтын болып шешті. Бұған дейін қаңтар айында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 отбасы балаларының шашын тегін қысқартқан болатын. Енді міне, ақпан айындағы кезекті еріктілік күні сенбіге сәйкес келді. Еркінбек Айнақожаев бастаған ерікті топтың жетекшілері кенттегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған 28 баланы үй-үйді аралап, жеңіл көлікпен шаштарзға тасымалдады. Одан ары қарай Асылжан Сағындықұлы балаларлың талғамына қарай шаштарын қыстартып берді.
– Әрбір жақсылық жасаған сайын жанымыз жадырап сала береді. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде мейірімін көрсетсе, ол да оған керек сәтте жанашырлық танытады. Әрине күнделікті өмірде жақсылық жасап жүрген жаңақорғандық жомарт жандар жетерлік. Негізі қайырымдылық жасау үшін бай болу керек деген шарт жоқ. Қолыңнан қандай жақсылық істеу келеді? Өзім шаштараз қызметіндегі айына бір күнді еріктілікке арнаймын деп шештім. Яғни, бір күн бойы балалардың шашын тегін қысқартып беремін. Осы тұста, «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілер тобына алғыс айтамын. Үнемі үйлестіру бағытында қолдауын көрсетіп, балалардың келіп-кетуін көлікпен қамтамасыз етеді, – дейді Асылжан Нұрқожаев.
Иә, волонтер болу – әрбір жомарт жүректі жанның қолынан келетін іс. Қоғамның кез келген мүшесі өз саласы бойынша ерікті жұмысты атқаруға мүмкіндігі бар. Тек ынта мен ниет болса болғаны. Айтқандай, 28 баланың шашын қысқартып болғаннан кейін, «Жаңарған Жаңақорған жастары» ерікті жастары жеткіншектердің ата-аналарының рұқсатымен моншаға апарып, бассейнге түсіуіне мүмкіндік жасады. Еріктілердің белсенді мүшесі, адвокат Дәулет Тұрабаев өзінің қоғамдық моншасын балаларға ақысыз босатып берді. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, бассейнге шомылған балалар мәз-мейрам болып, өзара жаңа достар тапты. Келешекте бұл балалар ерікті жастардағы ағалары секілді қайырымдылық іспен айналысып, қоғамға пайдасы тиетін ұрпақтың қатарынан табылатына біз сенеміз. Өйткені, әрбір баланың риясыз күлкісі мен шынайы шаттығы болашақта оның жүрегі мейірімге толы болатынына кепіл. Сәтін салса, «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры мұндай қайырымдылық істерді алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Әбдісамат ӘБДІШ
19 ақпан 2020 ж. 752 0