№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА

БАР МЕЙІРІМ БАЛАЛАРҒА


«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады». Осы тәмсілдің терең мән-мағынасын терең ұққан жаңақорғандықтар қайырымдылық акцияларына дем беріп жүреді. Яғни, жастардың сапалы білім, тәлімді тәрбие алуына бейжай қарамайды. Мұндай сабақтастықты жаңа оқу жылы қарсаңында №110 мектеп-лицейінде өткен «Бар қамқорлық балаларға» атты «Мектепке жол» акциясынан көрдік.
Биыл дәстүрлі акцияның ауқымы едеуір кеңейген екен. Көпбалалы және ата-ана қамқорлығынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтеріп, жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына, әрі қатарластары арасында өзін тең санауына ықпал етіп отырған акция балалардың мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуін көздепті.
Шараның маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Жалпы ұлттық сипат алған акция, қарапайым халық үшін аса маңызды екенін айту қажет. Елдің айбары – білімді ұрпақ. Сондықтан елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы үшін білімді де саналы, бейнетқор да бейімді ұл мен қызды тәрбиелеп, өмір жолын айқындаған абзал. Осы тұста «Мектепке жол» акциясы мектеп жасындағы жасөспірімдердің білімге құштарлығын оятады деген сенімдемін, – деді.
Дәстүрлі акцияның мазмұнын байытуға ұйытқы болған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов:
– Біздің талантты жастар заманына сай білім алып, алған білімдерімен биік белестерді бағындырып келеді. Мұның бәрі балаларға деген қамқорлықтан деп білем. Жастарға жағдай жасау – келешекке инвестиция құюмен бірдей. Осындай мейірімге бөленген балалар елдің намысын, ұлттың абыройын асқақтатуға қуаттанады. Акция ауқымын кеңейтіп, қамқорлыққа мұқтаж балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, болашағына сенімін ұялатқан барша жаңақорғандықтарға алғыс білдіремін, – деді.
Шарада аудандағы 200 оқушы мектеп формасына, оқу-құралдары мен денешынықтыруға арналған киімдерге қол жеткізді. Осыншама балаға қуаныш сыйлаған Санжар Тәукебаев, Алмат Қалжанов, Бейбіт Жүсіпов және т.б. кәсіпкерлер демеушілік еткен екен.
Шара шарапатын көрген жандардың арасында кент тұрғыны Аманкүл Қойбағарова:
– «Көп түкірсе көл» демекші, бүгінгі игі істі ұйымдастырып, балаға жүрегіне қуаныш ұялатып, балаларға баянды болашақ тілеп отырған басшыларға, кәсіпкерлерге және мектеп ұжымына ризашылығымды білдіремін, – деді толғанып.
Шарадан су жаңа мектеп формасын иеленген жас бүлдіршендер қуанышы қойнына сыймай тұрдыКөпшіліктің көңілі көтерілгенін көріп, бізде мереке алдында бір шаттанып қалдық.
Мақпал Марқабай.
30 тамыз 2018 ж. 1 359 0