№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлікті дамытудың бірегей жолы

Кәсіпкерлікті дамытудың бірегей жолы


Кеше «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Агро экспресс» оқыту курсы алғашқы сабағын бастады. Курс төрт бөлімнен тұрады екен. Соның бірінші күнінде бас қосқан 100-ге жуық қатысушылардан тест алынды. Енді осы сынақтың нәтижесімен наурыз, сәуір айында оқу курсының екінші бөлігі өтетін болады.

Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен қолға алынған оқу бағдарламасы негізінде 200 адам оқып, өз бизнесін бастауға бағыт-бағдар алады. Алдымен екі күнге қойылған тесттен қатысушылардың бизнестің қай бағытына икемді екені анықталады. Кейіннен, алынған сауалнаманың нәтижесінде деңгейлеп оқыту курсы алты топқа бөлініп өтіледі. Яғни, көкөніс, бақша, өсімдік өсіру, мал шаруашылығы, қонақ үй, тамақтану кәсібі және жем-шөп өндірісі бойынша топқа бөлініп дәріс беріледі.
– Екі күнге қойылған тест арқылы қатысушылардың бизнестің қай бағытына икемді екенін анықтап, сол бойынша топтарға бөліп дәріс береміз. Екі айға созылатын дәрісті арнайы Астана, Алматы қаласынан келген бизнес-тренерлер өтетін болады. Оқу курсынан бизнесін ашуға ниетті адамдар көп тәжірибе алмасады, – дейді «Мансап-Қызылорда» ЖШС-нің бизнес-тренері Наталья Мишукова.
Бизнес-тренердің айтуынша, бұл оқу аймақтағы кәсіппен айналысуға ниетті тұрғындардың тәжірибе алмасып, бәсекеге сай бизнесті дамытудың жаңа қырларын үйренуге мол мүмкіндік береді. Мұндай курстардың шаруаға берер пайдасы көп. Өйткені, шаруалар нақ осындай бастаманың арқасында бизнесті өркендетудің жаңа көзін үйреніп, шаруасын дөңгелетеді.
Жалпы, оқыту курсы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші, кәсіп ашуға ниетті адамның қай салаға бейім екенін анықтау мақсатындағы кешенді тестілеу. Яғни, ынталы азаматтың бағытын анықтау. Екінші, бизнес психология, маркетинг негіздері, салық төлеу міндеті, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жолдары және мемлекеттің агро-бизнес бағытындағы бағдарламалары туралы кең ауқымды түсінік беру. Үшінші, егін және мал шаруашылығы бағытындағы пайдалы өнімдерді өсіру тәсілдерін үйрету. Төртінші, бизнес жоба аясында сол саланың білікті экспертімен екі жақты келісім арқылы бір жыл бойы консультация алып отыру. Яғни, мамандармен тығыз қарым-қатынас ортнату арқылы, нәтижеге қол жеткізу. Эксперт мамандар Алматы, Оңтүстік Қазақстан және т.б. қалалардан келетін болады.
Кәсіп келешегін бекемдеп, қабілетті азаматтардың қайырлы қадамына қамқорлық бағытында ұйымдастырылып отырған бұл бастаманы ұтымды іске асыра білген аудан басшылығына жұртшылықытың да ықыласы зор. Талапты тәжірибеге талпыныс та үлкен.
Айта кететіні, оқу бағдарламасы кезінде кәсіпкерліктің жаңа бағыттары бойынша білімін тереңдетеді. Яғни, агро-бизнес пен мал бордақылау саласындағы менеджменттік ілім алады.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
27 ақпан 2018 ж. 1 162 0