Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында жұмысқа қайта орналастыру туралы іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында жұмысқа қайта орналастыру туралы іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаев талап қоюшы Н.-мен жауапкер Жаңақорған  кенті әкіміне қарасты «А» санаториялық балабақшасына тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтардың күшін жою, әдіскер-тәрбиеші қызметіне қайта орналастырып, бос жүрген уақытына жалақысын өндіру, материалдық және моральдық залал ретінде 1 000 000 теңге өндіру жөнінде талап қою арызымен жүгінгенін айтып, іс бойынша шешім жарияланған соң дереу істің мән-жайлары туралы ақпаратпен бөлісті.

Соттың шешімімен талап қоюшы Н.-ны жұмыстан босату туралы 14 қараша 2017 жылғы №32 бұйрықтың күші жойылып, ол қызметіне қайта орналастырылды және бос жүрген уақытына жалақысы 350 424 теңге өндірілді. Сондай-ақ, материалдық және моральдық залал 1 000 000 теңге өндіру туралы талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 50 000 теңге моральдық залал мен мемлекет пайдасына 5 207 теңге мемлекеттік баж өндіріліп, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Шешімнің қызметке қайта орналастыру және және бос жүрген уақытқа жалақы өндіру жөніндегі бөліктері дереу орындауға жолданды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі  азаматтық  іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптар алды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
12 наурыз 2018 ж. 1 093 0